Онлайн газет



ТІЛІМ МЕНІҢ - ТІРЕГІМ, АЗАТТЫҒЫМ

Еліміз тəуелсіздігін алысымен ана тіліміздің мəртебесі өсіп, қолданыс аясы кеңейе түсті. Анамның ақ сүтімен берілген ана тілім бəрінен қастерлі. Өйткені, қазақ тілі халық тарихымен бірге жасап, ұрпақтан ұрпаққа қызмет етіп келеді.
Қазақ тілі 1989 жылы мемлекеттік мəртебе алды. Қазақ тілі дүниежүзіндегі ауызша жəне жазбаша тіл мəдениеті қалыптасқан алты жүз тілдің жəне мемлекеттік мəртебеге ие екі жүз тілдің қатарында тұр.
Ана тілім  баға жетпес байлығым. Дүниеде тілден қымбат, мəңгілік мұра болмайды. Жеті жұрттың тілін білу, ең бастысы туған ана тілің - қазақ тілінің қызмет өрісін кеңейту, оны білім мен тəрбие, таным мен түсініктің күшті құралына айналдыру үшін тер төгу міндет.
“Қазақ тілі 2025 жылға қарай өмірдің барлық саласында үстемдік етіп, кез келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналады.Қазақстандықтардың басын біріктіруші фактор - қазақ тілі, сондықтан мемлекеттік тілдің мəртебесін баршамыз бірігіп көтеруіміз керек”, - деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай, ана тілміздің тазалығы үшін, мəртебесін биіктету үшін тер төгейік.
Тəуелсіздік - тəңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мəңгілік құндылығы.құндылықтың ең қастерлісі - тіл, яғни - ана тіліміз.

Асылай Жандос,
аудандық “Тілдерді оқыту орталығының” меңгерушісі.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін598
mod_vvisit_counterКеше696
mod_vvisit_counterОсы аптада3303
mod_vvisit_counterӨткен аптада4389
mod_vvisit_counterОсы айда2579
mod_vvisit_counterӨткен айда17944
mod_vvisit_counterБәрі1302069

Серіктестер