Онлайн газет



КАНДИДАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ

«Nur Otan» партиясының бастамасымен іске асырылған ішкіпартиялық праймериз – еліміздің қоғамдық - саяси өміріндегі аса зор саяси шара болғаны анық. Ағымдағы жылдың 1 және 2 қазан күндері – онлайн, 3 қазан күні «Мырзатай», «Жетібай» бастауыш партия ұйымдарында есепте тұратын партия мүшелері оффлайн тәртібіне сүйене отырып, демократиялық принциптер негізінде өз дауыстарын берді. Нәтижесінде 4 344 партия мүшесінің 95 пайызы онлайн және дәстүрлі қағаз бюллетень арқылы 333 «нұротандықтың» 99,7 пайызы өз таңдауларын жасап, бір бюллетень жарамсыз болып шыққан.

Бұл туралы «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Нұржан Нұржігітов әл-Фараби атындағы мәдениет үйінде праймеризге қатысушы кандидаттар, бастауыш партия ұйымдарының төраға - төрайымдары, ұйымдастыру комитеті мүшелерінің қатысуымен өткен кездесуде айтты.
«Еліміздің саяси кеңестігіне жаңа бастамаларды ала келген праймериз өз ерекшеліктерімен көптің есінде қалғаны шындық. Біріншіден, праймериз – партия мүшелерінің алдына бірдей қатысу мүмкіндігін берді. Екіншіден, әйелдерге 35 пайыздық және жастарға 20 пайыздық квота белгілеуі – еліміздегі ең іргелі саяси құрылымның болашақты болжай білген саясаты деп қабылдаған жөн», - деген Нұржан Молдиярұлы ішкіпартиялық праймеризді өткізу жөніндегі еліміздің бас партиясы алға қойған межелі міндеттерді орындау мақсатында көптеген жоспарлы тірліктер атқарылғанын атап өтті.
Алдымен, арнайы ұйымдастыру комитеті мен Есеп комиссиясы құрылып, ұйымдастыру комитеті праймеризді өткізу барысында коронавирус пандемиясына қарсы сақтандыру шараларын ең алдыңғы қатарға шығарған. Кешенді іс-шаралар жоспары жасалып, нақты жұмыстар көлемі белгіленген және «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының алдағы бес жылға, яғни, 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасы әзірленіп, қолданыстағы Ережеге сай, бастауыш партия ұйымдары мен партия мүшелеріне өздерін-өздері ұсыну еркіндігі толықтай сақталған.   
«Nur Otan» партиясының праймериз саяси науқанына қатысушы 71 қандидат 82 кездесу мен 13 жария пікірсайысқа қатынасып, бақтарын сынаған. Әрбір кандидат өздері өткізген кездесулер мен пікірсайыстарда үлкенді-кішілі өзекті мәселелерді көтеріп, кандидаттармен өткізілген кездесулер барысында 35 ұсыныс пен айтылған аманаттар аудандық партия филиалының сайлауалды бағдарламасының жаңа редакциясына енгізілетін болды.
«Nur Otan» партиясының саясатына қолдау білдіріп, осы ішкіпартиялық  праймеризге қатысқан барлық кандидаттар мен партия мүшелеріне шынайы алғысын жеткізген Нұржан Нұржігітов бір топ кандидаттарды «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың Алғыс хатымен марапаттады.
Кездесу соңында кандидаттар Қайсар Жасұзақов, Мұхит Нысанбаев, Гүлбахрам Ермекова сөз алып, праймериз бәсекесінің маңыздылығына тоқталып, алғыстарын білдірді.

Бауыржан ЖАҚСЫМБЕТОВ.

Обновлено 07.10.2020 10:54
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін595
mod_vvisit_counterКеше696
mod_vvisit_counterОсы аптада3300
mod_vvisit_counterӨткен аптада4389
mod_vvisit_counterОсы айда2576
mod_vvisit_counterӨткен айда17944
mod_vvisit_counterБәрі1302066

Серіктестер