Онлайн газет



БЕРГЕН ҚОЛ - БЕРЕКЕЛДІ

Адам өміріндегі ең игі істің бірі - адамдарға қамқорлық жасау. Ел қарияларын ардақтап, оларға қамқорлық  көрсету бүгінгі ұрпақтың  азаматтық парызы саналады. Бір әулетке тұтқа, отбасының қазыналы аталарымыз бен ақжаулықты аналарымызға жақында құрмет көрсетілді. Атап айтқанда, Мырзатай ауылының тұрғыны, еңбек ардагері Сәуле Жапарованы Қарттар күнімен құттықтап, иығына орамал жауып, сый-сияпат табысталды.
Сонымен қатар, әлеуметтік жағынан аз қамтылған, көп балалы отбасылар мен көмекке  зәру қарт адамдарға, жалпы қамқорлықты қажетсінетін жандарға қолұшын беру сауапты іс. Мүгедектер күні қарсаңында  5 отбасыға, атап айтқанда, сеңкібайлық Ақжол Әбдіманатқа, мырзатайлық Маржан Ескермес, Толғанай Өтеген, Мұхтар Бақтияровқа, Дихан-2 ауылының тұрғыны Ерғанат Ақжолға азық-түлік өнімдері және  кеңсе тауарлары табыс етілді. Қайырымдылық шаралары әлеуметтік қызметкер Жұлдыз Көшкінбаева және округтің белсенді жастарының  ұйымдастыруымен өткізіліп, демеушілік жасаған азаматтарға алғыс айтылды.

Нұртас Уалиев,
Мырзатай ауылдық округінің Жастар ісі жөніндегі аға инспекторы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін573
mod_vvisit_counterКеше696
mod_vvisit_counterОсы аптада3278
mod_vvisit_counterӨткен аптада4389
mod_vvisit_counterОсы айда2554
mod_vvisit_counterӨткен айда17944
mod_vvisit_counterБәрі1302044

Серіктестер