Онлайн газет



ПРАЙМЕРИЗ: ҮМІТКЕРЛЕР МІНБЕРДЕ

«Nur Otan» партиясы аудандық филиалының  кестесіне сәйкес, Көктал ауылдық клубында праймеризге қатысушы кандидаттардың кезекті жария пікірсайысы өтті.

«Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Балабек Нарбаев, аудандық партия филиалының төрағасы, аудан әкімі Нұржан Нұржігітов және партия мүшелерінің қатысуымен өткен шарада 6 кандидат өзара пікірсайысқа түсіп, өздерінің дайындаған сайлауалды бағдарламаларын қорғады.
Саяси пікірсайыс екі кезеңнен тұрды. Бірінші – дебат кезеңінде алдын ала жеребе тарту әдісімен анықталған тізім бойынша праймеризге қатысушылар: жеке кәсіпкер Мәмбет Сағынбеков, Сарыкемер мектеп-гимназиясының бағдарлы ісі жөніндегі орынбасары, жеке кәсіпкер Динара Жұмабаева, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» директоры Әсет Құрманалиев, Үлгілі орта мектебінің мұғалімі Динара Мелдебекова, Қуаныш Омаров және аудандық «Жастар ресурстық орталығының» құжаттама және ұйымдастыру бөлімінің басшысы Қуаныш Арықбаев ретімен сөз алып, өздерінің бағдарламаларын  таныстырды. Таныстыру  барысында аудан мен нақты ауылдарға байланысты өзекті мәселелердің шешу жолдары бойынша тұжырымдамаларын ұсынды. Спикерлер қоғамның барлық саласына қатысты көптеген мәселелерді көтерді. Әрі қарай пікірталас екінші – «сұрақ-жауап» кезеңіне көшіп, кандидаттар бір-біріне сұрақтар жолдап, белсенді пікірталас өткізді.
Пікірсайысты тамашалауға келген партия мүшелері де үміткерлердің сайлауалды бағдарламаларына қатысты түрлі сұрақтар қойып жатты. Әр спикерге белгіленген регламентке сәйкес жауап қайтару үшін үш минуттан берілді.
Дебатқа қатысқан «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Балабек Нарбаев кандидаттардың ұсыныс-пікірлерін жіті тыңдап:
– Праймериз бұрын соңды болмаған дүние. Праймериздің арқасында партия халыққа жақындай түсті. Мұның берері мол. Қатысушылардың әрқайсысының өз сайлауалды бағдарламасы дайын. Үгіт-насихат жұмыстарының барысы туралы олар ұйымдастыру комитетіне хабардар етеді, материалдар мен өздерінің сайлауалды бағдарламаларын www.primaries.kz сайтында немесе арнайы мобильді қосымшада орналастырады. Олармен кез келген партия мүшесі таныса алады,- дей келе партияластарға сәттілік тіледі.

Гүлжан ТУРСУНХОДЖАЕВА.

Обновлено 23.09.2020 10:43
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін660
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада6677
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда32244
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2202974

Серіктестер