Онлайн газет



КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ ӨРКЕНДЕУГЕ ЖОЛ АШАДЫ

«Ауылдағы бизнесті дамыту» тобы ауданымызда болып, ауылдық округтерді аралап тұрғындармен кездесті.
Топ жұмысы аудандық әкімдіктің мәжіліс залында ауылдық округ әкімдерінің, бөлім басшыларының қатысуымен өткерілген жиыннан бастау алып, Сарыкемер, Бәйтерек, Қостөбе және Бурыл ауылдық округтерінде жалғасты. Әкімдікте өткен жиынды аудан әкімінің орынбасары Қайрат Исмаил ашып, топ құрамын таныстырды. Бұдан соң  аталған топ басшысы, облыс әкімдігі кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы басшысының орынбасары Еркін Атымтай «Бейбітшілік  және келісім» жобасының аясында құрылған 5 топтың бірі-өзі басшылық ететін «Ауылдағы бизнесті дамыту» тобының мақсатына тоқталды. Ауылда кәсіпті дамыту, кәсіпкерлікті өркендету бағытында елімізде қолға алынған ауқымды бағдарламалардың  маңызына екпін сала отырып, міндет-кәсіпкерлікті қолдай отырып, кәсіпкерлерге көмек көрсету екендігін жеткізді.


Жиыннан кейін жұмысшы топ ауыл тұрғындарының кәсіп ашу,  оны кеңейту үшін несие алу тұрғысындағы сауалдарына жауап беріп, өндіріс орындарын аралап, тыныс-тіршілігімен танысты.

Өз тілшіміз.

Обновлено 23.09.2020 10:42
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін25
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада6042
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда31609
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2202339

Серіктестер