Онлайн газет



ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ - ІСКЕ ТІРЕК

“Бейбітшілік және келісім” қанатқақты жобасының “Әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді шешу” бойынша  арнайы тобы ауданымызда болып, жиын өткізді.

Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан басшысы Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен жиында облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы, топ  жетекшісі Жорабек Баубеков Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында әлеуметтік мәселелерге айрықша тоқталғанын айтты. Меркі ауданында қоғамдық қабылдауға 291-ге жуық тұрғынның  жеке мәселемен  келгендігін атап өтті. Сонымен қатар, Жорабек Нұрмергенұлы жұмыс  жоспарымен таныстырып, міндет-халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын зерттеп, тұрғындардың проблемаларына құлақ түріп, көмек беру екендігін жеткізді.


Жиыннан кейін аталған топ мүшелері Үлгілі, Сарыкемер, Бәйтерек, Түймекент, Жақаш, Абай, Мырзатай, Кеңес, Ынтымақ  ауылдарында тұрғындармен жиын өткізіп, қоғамдық қабылдау жүргізді. Көпшілікті толғандырған басты мәселе – тұрғын үй, бірыңғай жиынтық төлем, қысқа мерзімді оқу, интернет жылдамдығы, дәрі-дәрмектің қолжетімдігі, мемлекеттік бағдарламалар арқылы несие алу, әлеуметтік көмектер сынды мәселелер көтерілді.
Қабылдауға тиісті саланың жауапты басшылары қатысқандықтан, әр мәселеге жекелей тоқталып, оларға дер кезінде жауап қайтарылды.
Қоғамдық қабылдаулар барысында медициналық бетперделер кию, арақашықтық сақтау сынды барлық санитарлық талаптар сақталды.

Өз тілшіміз.

Обновлено 21.09.2020 10:15
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін910
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада6927
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда32494
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2203224

Серіктестер