Онлайн газет



ОТАНДЫҚ ӨНІМДЕР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Адамзаттық ақыл - ой мен ғылымға арқа сүйеген ауыл шаруашылығын алға сүйреу бұрынғыдан да өзекті бола түсті. Халықты отандық табиғи, экологиялық тұрғыда қауіпсіз, сапалы азық - түлікпен қамтамасыз ету аса маңызды.

Өткен сенбіде Түймекент ауылдық округіндегі «Ағатай» шаруа қожалығының тәжірибе егістігінде Қазақ ұлттық аграрлық университеті ғалымдарының қатысуымен «Егістік күні» ұйымдастырылды. Ауданға жұмыс сапарымен келген делегация өкілдерін аудан әкімі Нұржан Нұржігітов қарсы алды.
Егістік күнінде оған қатысушылар «Ағатай» шаруа қожалығының тәжірибе егістігіндегі дақылдармен, ауданда өндірілген көкөністермен, ҚазҰАУ-нің және Қазақ жеміс - көкөніс шаруашылығы ғылыми - зерттеу институтының отандық өнімдерімен танысып, өзара пікір алмасты.


Жиынға модераторлық жасаған аудан басшысы Нұржан Нұржігітов: «Байзақ ауданы әкімдігі ғылым мен өндірістің интеграциясы бағытында Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ғалымдарымен бірлесіп, отандық өнімді дамыту, қолдау және жарнамалау мақсатында қоян – қолтық жұмыстар атқаруда. Соның бір мысалы, биылғы жылы аудандағы «Ағатай» шаруа қожалығының тәжірибе егістігінде университеттің профессоры Теміржан Айтбаевтың жетекшілігімен көкөніс дақылдарының жаңа отандық сорттары егілді» - дей келе, қазіргі уақытта осы өсірілген көкөністерден өнім жинайтын уақыттың келгенін атап өтті. Аталмыш басқосуда Қазақ ұлттық аграрлық университетінің профессоры, жеміс - көкөніс және жаңғақ шаруашылығы кафедрасының меңгерушісі Теміржан Айтбаев ҚазҰАУ-нің ғылыми зертханаларында зерттеліп, жаңа инновациялық тәсілдермен шығарылған көкөніс дақылдарының қазақстандық сорттары, отандық өнімді дамыту және қолдау туралы баяндап берді. Бұдан кейін «Агродаму» басқармасының жобаларды коммерциализациялау және ақпараттық кеңес беру жұмысы бастығы, профессор Темірбек Сауле, көкөніс-бақша дақылдарының селекциясы және гендік қоры зертханасының меңгерушісі Айгуль Нусупова, көкөніс-бақша дақылдарының селекциясы және гендік қоры зертханасының жетекші ғылыми қызметкері, селекционер, ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі Эльмира Нурбаева, жетекші ғылыми қызметкер селекционер, ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі Эльвира Тайшибаева, «Ағатай» шаруа қожалығының жетекшісі Марат Бейсенұлы ретімен сөз сөйледі. Өзара қызу пікір алмасуға ұласқан жиынды аудан әкімі қорытындылап, жаз бойы бел шешпей еңбектенген диқандар қауымының еңбектеріне жеміс тіледі.

Мұхтар МАНЕКЕЕВ.

Обновлено 16.09.2020 10:41
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1602
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада7619
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда33186
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2203916

Серіктестер