Онлайн газет



БАЛА ЖӘНЕ ӨРТ

Үстіміздегі жылы Жамбыл облысындағы өрттердің жалпы санының 65-70 % тұрғын секторларында орын алғаны анықталды.Өрт көбіне - көп кішкентай балалардың сіріңкемен ойнауынан шығып жатады. Сондықтан сіріңкені баланың қолы жетпейтін жерге қойыңыздар, үйдегі шатыр асты бөлме мен жертөлені ашық тастамаңыздар.  Ата-аналардың назарына төмендегі ережелерді қатаң ұстануды сұранамыз:
- Сіріңкені балаларға қолжетімсіз жерде сақтау, балаларға сіріңке және шылым сатып алуға тыйым салу, сонымен қатар ересектер балаларын үнемі бақылауда ұстаңыздар.
- Баланы үйде кілттеп жалғыз қалдыруға болмайды  және де жанып жатқан пештер мен қыздырушы құралдарды балаларға бақылауға және сеніп тапсыруға тыйым салынады. Әсіресе кіші жастағы балаларға қыздырғыш құралдарды, газ плиталарды және т.б. құралдарды қолдануға болмайды.
Қараусыз қалған баланың кесірінен орын алған өрттен зардап шегушілер болса, баланың ата – аналары заң бойынша жауапкершілікке тартылатындығын ескертеміз.

Гүлнар  Жамантаева,
аудандық ТЖ бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау майоры.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін15
mod_vvisit_counterКеше649
mod_vvisit_counterОсы аптада1868
mod_vvisit_counterӨткен аптада4345
mod_vvisit_counterОсы айда14385
mod_vvisit_counterӨткен айда16500
mod_vvisit_counterБәрі1257157

Серіктестер