Онлайн газет



ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНБЫЗ БА?

Ауданға қарасты білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салалары бойынша 166 нысан (білім беру - 49, балабақша - 23, мәдениет - 47, спорт - 2, денсаулық сақтау нысандары - 45), оның ішінде 41 қазандық қысқы жылыту маусымына дайындалуда. 166 нысанның 78-і газбен, 88-і қатты отынмен жылытылады. Бұл туралы аудан әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте айтылды.

Алдымен аудан басшысы аудандық мәслихаттың хатшысы Нұржан Тлеповке «Қазақстан Республикасы Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалін салтанатты түрде табыс етіп, әкімдіктің персоналдық басқару қызметі бөлімшесіне тағайындалған басшысы Саламат Сқақовты таныстырды. Бұдан соң күн тәртібіне сәйкес, жылыту маусымына дайындық барысы бойынша атқарылған жұмыстар туралы аудан әкімдігі білім бөлімінің басшысы Нұржан Нұралиев, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Әділхан Омаров, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Сәкен Сыздықов, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Рашид Қойлыбаев, ауыл және ауылдық округтер әкімдерінің есептері тыңдалды.
Бүгінгі таңда, аудан бойынша қысқы жылыту маусымына дайындалып жатқан 41 қазандықтың 11-і қатты отынмен, 30-ы газбен жылытылса, жеті қазандыққа «Жамбыл жылу» мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны қызмет көрсетеді.
Жергілікті бюджеттен мекемелерге жалпы сомасы 70 миллион 500 мың теңге қаралған. Оның ішінде 31 миллион 300 мың теңге 2 116 тонна қатты отын түсіруге, 39 миллион 200 мың теңге көгілдір отынды пайдалануға бөлініп отыр. Денсаулық сақтау нысандарына облыстық бюджеттен 5 миллион 200 мың теңгеге 280 тонна қатты отын түсіріліп, көгілдір отынға 3 миллион 300 мың теңге қаралыпты.


Ауылдық округ әкімдерінің мәліметіне сәйкес, жылыту маусымына аудан тұрғындарына 8 300 тонна көмірдің қажеттілігі анықталған. Аудан аумағындағы 43 елді мекендегі 16 420 ауланың 13 968 ауласы бүгінгі күнге көгілдір отынды тұрақты пайдалануда екен.
Аудан әкімдігінің білім бөліміне қарасты білім нысандарын қысқы жылыту маусымына дайындау мақсатында жергілікті бюджеттен 1 734 тонна қатты отынға 28,5 млн. теңге бөлініп «BI» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен келісім шарт жасалса, көгілдір отынға 34,6 млн. теңге қарастырылыпты. Аудандағы 43 мектептің 20-сы қатты отынмен, 23-і көгілдір отынмен жылытылады. 20 мектеп дизель электр генераторлармен қамтамасыз етілсе, төрт мектепке «Жамбыл жылу» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны қызмет көрсетеді.
Ағымдағы жылы Н.Ақбозов, №5 орта мектебі мен Сарыбарақ негізгі мектебіне модульдік қазандықтар орнатылып, көгілдір отынға қосылған. Сондай-ақ, 10 білім беру нысандары сұраныстарына сәйкес, қазандықтарды қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету және Суханбаев, Мырзатай, Берікқара орта мектептерінің қазандықтарын ауыстыру үшін жергілікті бюджеттен 6,9 млн. теңгеге аудан әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне бюджеттік өтінім берілген. Білім нысандарының қазандықтардағы су айдайтын насостар мен желдеткіштерге техникалық қызмет көрсетілген.
Мектепке дейінгі мекемелердің (балабақшалар) 32-сі көгілдір отынмен, 9-ы қатты отынмен жылытылады екен. Жергілікті бюджеттен 292 тонна қатты отынға 5,2 млн. теңге бөлініп, балабақшаларға келісім шарт бойынша қатты отындар түсіріліп, жылыту мауысымына дайындық жұмыстары жүргізілген. Үстіміздегі жылы «Ақ бота», «Еркетай» балабақшаларын көгілдір отынға қосу жоспарланып отыр.
Алдағы жылыту маусымына дайындық паспорттары қыркүйек айының 15-і мен 30-ы аралығында штаб мүшелерінің шешімімен берілетіні, әзірлік паспорттарын алу үшін  бөлімге тиісті құжаттар 15 қыркүйекке дейін ұсынылуы қажеттігі ескертілді. Сондай-ақ, жылыту маусымы басталғанға дейін білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салалары бойынша от жағушы операторлардың оқу курстарынан өткізілуі керектігі айтылды.
Аудан басшысы әрбір бөлім мен ауылдық округ әкімдеріне қысқы жылыту маусымына дайындық барысын басты назарға алуды және тиісті мекемелерді қатты отынмен қамтуды 1 қазанда аяқтауды тапсырды.
- Қысқы маусымға дайындық жұмыстарын бірінші қазанға дейін бітіруіміз керек. Ол дегеніміз - қазандықтарды толық тексеріп аласыздар. От жағушы операторларды оқу курстарынан өткізу керек. Көмір толық түсу қажет. 1 қазан күнгі өтетін қорытынды жиында осы мәселені қайта қараймыз, - деді Нұржан Молдиярұлы.
Күн тәртібіне шығарылған «Мемлекеттік бағдарламалар аясында несиелендіру жұмыстары» туралы аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Әлібек Қуанышев, кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Жібек Шолтабаева, халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Арғынбай Сқақов, ауыл және ауылдық округтер әкімдері, «Жеке және қосалқы шаруашылық жүргізуге берілген жер телімдерінің пайдаланылуы» туралы аудан әкімдігі сәулет, қалақұрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Ербол Садыров есеп берді.
- Біздің негізгі жұмысымыз елге қызмет ету. Біздің сала басшыларында жүйелі жұмыс болмай отыр. Егер осы жағдай қайталана берсе, тәртіптік жауапкершілікке тартылатын болады, - деп қатаң ескерту жасаған Нұржан Нұржігітов кеңес жұмысын қорытындылады.
Кеңеске аудандық мәслихат хатшысы, аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, бөлім басшылары, ауыл және ауылдық округтер әкімдері қатысып отырды.

Мұхтар МАНЕКЕЕВ.

Обновлено 14.09.2020 10:43
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін29
mod_vvisit_counterКеше649
mod_vvisit_counterОсы аптада1882
mod_vvisit_counterӨткен аптада4345
mod_vvisit_counterОсы айда14399
mod_vvisit_counterӨткен айда16500
mod_vvisit_counterБәрі1257171

Серіктестер