Онлайн газет



ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕС БЕРІЛДІ

Ауданымызда “Бейбітшілік және келісім” пилоттық жобасы аясындағы  шаралар  жалғасын табуда. Бейсенбі, 10 қыркүйек күні  “Құқық қорғау саласы” тобының мүшелері Бурыл ауылдық округінде болды.

Округ әкімшілігінің ғимаратына жиналған ақсақалдарға «Құқық қорғау саласы» тобының мүшелерін аудан әкімі Нұржан Нұржігітов таныстырғаннан кейін, топ жетекшісі, Жамбыл облысы прокурорының бірінші орынбасары Қанат Мамаев топ құрамымен және пилоттық жобаның басты мақсатын түсіндірді.
Бұдан  кейін ашық аспан астында қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды. Қабылдауға келген Құмжота ауылының тұрғыны Ләззат Сүлейменова Нұр-Сұлтан қаласында  жұмыс жасап жүрген кезінде атына салынған айыппұлдың заңсыз екендігін айтып, шағымдану жолы сұрады. Келісім-шартсыз жұмыс істегені үшін еңбекақысын ала алмай отырғандығын да жасырмады. Өтініш иесін мұқият тыңдаған Жамбыл облысы прокурорының аға көмекшісі Еркін Қуанышев салынған айыппұлға қатысты тиісті органдарға жүгініп, өтініш жазу керектігін, заң аясында еңбекақы төлеу тәртібімен ақпараттандырды.
Аудандық ағын су шаруашылығының су реттеуші маманы Ниязалы Сатенов каналдарға жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары мен ағын су тапшылығын көтерді. Жамбыл облысы прокурорының үшінші басқарма прокуроры Алмас Жұмабеков мәселені бақылауға алып, жауабы берілетіндігін жеткізді. Бурылдық Нышанбай Ысқақов жеке кәсіпкер ретінде тіркелу үшін қандай құжаттар жинақтауды және несие алу шартын білгісі келетіндігін айтты. Өтініш иесіне Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті түсіндіру жұмыстары басқармасының бастығы Өмірзақ Қоспанов түсінік беріп, салық төлеу, салықтық рақымшылық беру тәртібін  түсіндірді. Яшар Бешли-оглы ауылдың кіреберісіндегі жаңа бұрылыстардың бірінде көлік құралдары мен жаяу жүргіншілер көп өтетіндіктен бағдаршам, жаяу жүргіншілер өткелін төсеу керектігін алға тартты. Бұл мәселеге қатысты Жамбыл облысы жергілікті полиция басқармасының орынбасары Жайдарбек Құттыбаев заң аясында жауап берді. Бурылдық Сузана Кавазова болса жолдасы бас бостандығынан айырылғандықтан, балаларын жалғыз тәрбиелеп отырғандығын, ақылы қоғамдық жұмыстың мерзімі аяқталғандықтан, қайта жұмысқа орналасу тәртібін сұрады. Облыс бойынша экономикалық тергеу департаментінің жедел уәкілі Сұлтан Сапарбеков жұмысқа орналасу тәртібін жете түсіндірді.
Осыдан кейін аталмыш топ мүшелері  Көктал, Кеңес, Мәдімар ауылдарында қоғамдық қабылдау жүргізді.
Мұнда негізінен қаңғыбас иттер мен мысықтарды жою, жол белгілері мен жаяу жүргінші өткелін төсеу, алимент өндіру, ауыз су, басқа да құқықтық мәселелер бойынша, сұрақтар қойылды.
Қоғамдық қабылдауға келген азаматтардың барлығы заң нормаларына сәйкес түсініктеме алды.

*    *    *
Кеше, «Құқық қорғау саласы» тобының мүшелері Дихан ауылдық округінде болып, тұрғындарды түрлі сұрақтарымен қабылдау жүргізді.
Мәселен, Дихан ауылының тұрғыны Сабохат Бекмуратова көгілдір отынға қосу үшін жеңілдік  бар-жоғын білгісі келген екен. Лаура Узенбаева үйленген інісін әскер қатарына шақырып жатқаны жөнінде, Батырбек Болысбеков ауыл ішіндегі көшелерге жол бөгетін орнату қажеттігін қозғады. Жансейіт Джуманазаров ішкі істер бөліміне жұмысқа орналасу тәртібін сұраса,  Салтанат Калшабекова “Денсаулық” саяжайына елді мекен мәртебесін беру жайын, ал Лесбек Бейсалиев 1 топтағы мүгедектерге  салықтың қандай түрлерінен жеңілдік қарастырылған деген сауалын жолдады.
Қабылдауға келген 11 адамға заң аясында жан-жақты жауаптар берілді. Түстен кейін топ мүшелері Ботамойнақ, Қызыл жұлдыз ауылдық округтерінде болып, тұрғындардың көкейлерінде жүрген түйінді мәселелеріне Заң аясында жауап берді.

Гүлжан Русланқызы.

Обновлено 14.09.2020 10:39
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін44
mod_vvisit_counterКеше649
mod_vvisit_counterОсы аптада1897
mod_vvisit_counterӨткен аптада4345
mod_vvisit_counterОсы айда14414
mod_vvisit_counterӨткен айда16500
mod_vvisit_counterБәрі1257186

Серіктестер