Онлайн газет



ОҢ БАҒА БЕРІЛДІ

Осы аптаның сәрсенбісінде «Бейбітшілік және келісім» жобасы аясында үш күн бойы ауданымызда жұмыс жасаған «Діни  мәселелер» тобының қорытынды жиыны аудандық әкімдіктің мәжіліс залында өтті.

Аудан әкімі Нұржан Нұржігітов ашып, жүргізіп отырған  жиында алғашқы сөз  республикалық  «Ақниет» ақпараттық-түсіндіру және оңалту орталығының директоры Алим Шауметовқа берілді. Алим Фазылжанұлы ауданда деструктивті бағыттағы азаматтармен жұмыс жүйелі жүргізіліп отырғандығын, бұл бағыттағы іс-шаралар ары қарай жалғасын табу қажеттігін, Байзақ ауданын үлгілі аудан ретінде көрсетуге болатындығын айтты. Өз сөзінде республикалық ақпараттық - насихат тобының мүшесі Мақсатбек Қайырғалиев жоба аясында кеңестер беріліп,  ауқымды шаруалар атқарылғандығын атап өтті. Біліктіліктерін арттыру үшін имамдар онлайн-жүйесінде дәріс алуына көңіл бөлінсе деген ұсынысын ортаға салды. Бұдан соң сөз алған облыс әкімдігі Дін істері басқармасының басшысы, топ жетекшісі Жангелді Омаров үш күн бойы атқарылған жұмыстардың нәтижесіне тоқталды.
- «Бейбітшілік және келісім» жобасы аясында облыс әкімдігі Дін істері басқармасының үйлестіруімен «Діни  мәселелер» тобы  Байзақ ауданында  қыркүйектің 7-мен 9-ы аралығында болып, кешенді іс-шаралар өткізді. Атқарылған жұмыстардың барысында 15 іс-шара ұйымдастырылып, 270-тен астам адам қамтылды.


Деструктивті діни бағыттағы 40 азаматпен «Дінаралық келісім мен отансүйгіштік» тақырыптарында жеке кездесулер өткізілді. «Жусан» қайырымдылық операциясымен оралған 3 жасөспіріммен кездесу өтіп, психологиялық және теологиялық портреттері қалыптастырылды. Отбасының әлеуметтік және тұрмыстық жағдайы зерделенді. Сонымен бірге, Сарыкемер және Бурыл ауылдарында тұрғындармен, ақсақалдармен және имамдардың қатысуымен қоғамдық қабылдаулар, кездесулер өткізіліп, жалпы 75 тұрғынға діни мәселелер бойынша әдістемелік және консультациялық кеңестер берілді.
Облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің  имамдарымен өңірдегі мешіттердің қаржылай кіріс-шығыстарына мониторинг жүргізілді. Жергілікті ақпараттық-түсіндіру топ мүшелері және «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәнінің мұғалімдеріне діни саладағы өзекті тақырыптарда семинар ұйымдастырылып, мағлұматтар берілді.
Жалпы ауданда діни ахуал тұрақты. Дін саласындағы жүргізіліп жатқан жұмыстарға оң баға береміз,-деп сөзін түйіндей келе Жангелді Жайлауұлы тұрғындар тарапынан түскен ұсыныстарды назарға алудың маңыздылығын жеткізді.
Алқалы жиында аудан басшысы Нұржан Молдиярұлы  айтылған ұсыныстар бойынша арнайы іс-шара жасалынып, жұмыстар атқарылатындығын айтып, топ мүшелерінің жұмысына табыс тіледі.

Гүлшахар Әбдіқұлова.

Обновлено 14.09.2020 10:38
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін20
mod_vvisit_counterКеше649
mod_vvisit_counterОсы аптада1873
mod_vvisit_counterӨткен аптада4345
mod_vvisit_counterОсы айда14390
mod_vvisit_counterӨткен айда16500
mod_vvisit_counterБәрі1257162

Серіктестер