Онлайн газет



СЕМИНАР ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

“Діни мәселелер” тобының мүшелері аудандық ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері мен «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәнінің мұғалімдеріне діни саладағы өзекті тақырыптарда семинар ұйымдастырды.
Сарыкемер мектеп-гимназиясында өткен шарада облыс әкімдігі Дін істері басқармасының басшысы,  топ жетекшісі Жангелді Омаров «Бейбітшілік пен келісім» пилоттық жобаның мақсатына тоқтала келе, жас ұрпақты тәрбиелеуде ата-ана мен ұстазға жүктелетін міндеттің ауқымдылығын атап өтті.
Экстремизм мен терроризмнің алдын алу, ел қауіпсіздігі, тұрақтылық пен татулықты сақтау, жастарды жат ағымнан қорғау турасында терең мағыналы әңгіме қозғады. Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшелері Еркебұлан Қарақұлов жеткіншектерді отансүйгіштікке тәрбиелеуде базалық ақпараттық мәліметтерге сүйенудің маңызын жеткізді. Республикалық «Ақниет» ақпараттық түсіндіру және оңалту орталығының Нұр-Сұлтан қаласындағы теолог-консультанты Раят Рахымжан  жат ағымдар жетегінде кеткендермен оңалту жұмыстарын жүргізудің өзектілігіне екпін салды. Облыс әкімдігі дін проблемаларын зерттеу орталығының бөлім басшысы Ерзат Жақыпов дін саласындағы АТТ-ның міндеттерін баяндады.
Семинар барысында Қостөбе мектебінің ұстазы Дүйсенхан Халықов мұғалімдердің діни білімін арттыру мақсатында арнайы курстар жиірек ұйымдастырылып тұрса деген ұсыныс білдірді. Топ басшысы Жангелді Жайлауұлы аталған мәселе алдағы уақытта шешімін табатындығын жеткізді.
Жергілікті ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері мен ұстаздар маңызды шарадан пайдалы кеңес алғандықтарын айтты.

Өз тілшіміз.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1448
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада7465
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда33032
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2203762

Серіктестер