Онлайн газет



ЕЛДІҢ ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ ЖОЛЫНДА

Еліміздегі төтенше жағдай кезеңінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа экономиканы, шағын және орта бизнесті, қазіргі күрделі жағдайда барша ел тұрғындарын қолдауға бағытталған бірқатар нақты тапсырманы жолдағаны белгілі.
Маңызды мәселелердің бірі - тұрғындардың жұмыспен қамтылуы және еңбекке орналастыруды қамтамасыз ету болып отыр.Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге және азаматтарды кәсіпкерлікке тартуға бағытталған. Мемлекеттік бағдарлама еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту, еңбек ресурстарын қайта даярлау, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, ауылдық елді мекендерде шағын кредит беруді кеңейту, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру, еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру сияқты бірқатар міндеттерді қамтиды.
Мемлекет басшысының осынау тапсырмасының орындалуы аталмыш бағдарламаны тиімді жүзеге асыруға тікелей байланысты. Бағдарламаның біздің ауданда орындалуына келсек,

мемлекеттік бағдарламаға қатысушылар санының жоспары 4 615 адам болса, бүгінгі күнге орындалуы 2 606 адам немесе 56,5 пайызды құрайды, ал, жұмыс іздеуші ретінде тіркелгендері 2 297 адам болып отыр.   
Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен (ТжКБ) жоспары 40 адам және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз етудің жоспары 38 адамды құрады.  Мысалға алар болсақ, бағдарламаның бірінші бағыты аясында қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 13 азамат жолданған болатын. Оның ішінде, атап айтар болсақ, тоғызы «Самосвал» мамандығы бойынша, ал, төрт азамат «Экскаватор» мамандығына сәйкес білім алды. Олар ағымдағы жылғы ақпан айының оны мен мамыр айының оны аралығында Тараз қаласы, Төле би көшесі, №63 «б» мекен-жайда орналасқан «Бағыт – Тараз» оқу орталығын бітірді. Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға біздің ауданнан жолдама алған он үш азаматтың екеуі 29 жасқа дейінгі жастар болса, қалған он бірі аз қамтылған отбасылар санатында. Бүгінгі таңда, бұл азаматтарды жұмыспен қамту мәселесі қарастырылуда.
Жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарламаның екінші бағытына сәйкес, несие жоспары 138 адам, қаралған қаражат 528,7 млн. теңге болса, оның несие алғандары 72 адам 259,8 млн.теңге. (Оның ішінде мүгедегі 4 адам). Кәсіпкерлік негізіне оқыту жоспары 210 адам.
200 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) бойынша грант жоспары 306 адам, ұтып алғаны 255 адам (141,7 млн. теңге аударылды), шілдеде 117 адамға 65,6 млн.теңге игеру жоспарланды. Оған қосымша «Жастар практикасы» мен ақылы қоғамдық жұмыстан қысқартылған 222,2 млн. теңге қаражат есебінен 400 адамға қайтарымсыз грант беру қарастырылып, тамыз айына дейін толығымен игеру бақылауға алынды.
Бағдарламаның «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» бағыты бойынша да жұмыстар жүргізілуде. Атап айтар болсақ, әлеуметтік жұмыс орындарына жоспарланған 210 адамның орнына (оның ішінде мүгедегі 1 адам) 270 адам жолданды. «Жастар практикасына» жоспарланған 463 адамның (оның ішінде мүгедегі 1 адам) 125-і, ақылы қоғамдық жұмыс орындарына жоспарланған 1 100 адамның (оның ішінде мүгедегі 21 адам) 606-сы, бос жұмыс орындарына (тұрақты) 2 110 адам жоспарланса, қазіргі таңда (оның ішінде мүгедегі 23 адам) 1 265-і жұмыспен қамтылды. 
Мемлекеттік,өңірлерді дамыту, салалық, тағы да басқа бағдарламаларға қамтылатын адамдар саны 1 152 құраса, жолданғаны 837 адам болып отыр. Солардың ішінде, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында жоспардан артық 55 адам, «Аумақтарды дамыту» бағдарламасына сай 48 адам, «Ауыл – ел бесігі» жобасына байланысты 28 адам, «Жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша 704 адам, «Нұрлы жол» бағдарламасына сәйкес 2 адам жолданды.
Ауылдық округтер бойынша 808 отбасыдан (4 705 адам) әлеуметтік көмек тағайындауға құжаттар қабылданып, оның 725 отбасына (4 336 адам)  шартты ақшалай,  83 отбасына (369 адам)  шартсыз ақшалай көмек тағайындау туралы шешім жобасы қабылданып, уәкілетті органға жіберілді. Сонымен қатар, ағымдағы жылы атаулы әлеуметтік көмек алу бойынша 2 653 отбасының 14 150 адамына түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Бүгінгі күні аудан тұрғындарын жұмыспен қамту күн тәртібіндегі өзекті мәселе қатарында. Өйткені, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту, табысын арттыру бір жағынан жұмыспен қамтуды жүйелі түрде жүргізу арқылы орындалады. Сондықтан, нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы ауданымызда өз жалғасын таба беретін болады.

 

Арғынбай СҚАҚОВ,
аудан әкімдігі халықты жұмыспен қамту орталығының директоры.

Обновлено 10.08.2020 12:35
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін917
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада6934
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда32501
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2203231

Серіктестер