Онлайн газет



САЗТЕРЕКТЕ ТЫНДЫРЫМДЫ ТІРЛІКТЕР БАР

Жалпы аумағы 11 976 гектарды құрайтын Сазтерек ауылдық округі жыл өткен сайын жаңғырып, өсіп - өркендеп келе жатқан елді мекендер қатарында. Ынтымағы ұйыған, бірлігі бекем ауылдық округтегі тұрғындар саны 1 825 адамды құрайды. Абай, Ақтөбе және Жаңасаз елді мекендерін біріктіріп отырған ауылдық округте мемлекеттік, салалық бағдарламалар аясында нәтижеге бағытталған тындырымды тірліктер жүзеге асырылуда.


АУЫЛ МЕКТЕБІ ЖАҢА КЕЛБЕТКЕ ИЕ

Сонау 1986 жылы типтік ғимарат есебінде пайдалануға берілген Абай атындағы орта мектебі бүгінге дейін ешқандай жөндеу көрмеген болатын. 624 орынға есептелген білім беру мекемесінде қазіргі таңда 313 оқушы білім алуда. Ал, мектепалды даярлық тобында 37 бала бар. Солардың ішінде 85 оқушы ауылдық округке қарасты елдімекендерден тасымалданады. Мектепте жалпы мұғалімдер саны 45-ті, ал, тәрбиешілер саны 6-ны құрайды. Үлгілік жобадағы үш қабаттан тұратын мектеп ғимаратында 60 орындық асхана, спорт және мәжіліс залдары, шеберхана, кітапхана, 29 оқу бөлмелерімен қамтылған.


Өткен 2019 жылы Абай орта мектебіне модульдік қазандық орнатылса, 2020 жылы облыстық бюджеттен 241 миллион 963 мың теңге қаржы қарастырылып, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аудан әкімдігі білім бөлімінің тапсырысы аясында қолға алынған күрделі жөндеу жұмыстарын С.Сейтжапар жетекшілік ететін «Райша – 3» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі атқарып жатыр. Осындағы күрделі жөндеу жұмыстарына «Корпорация «Асыл - Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жобалаушы болса, техникалық қадағалауға «Бексей Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жауапты. Жөндеу жұмыстарына аудан әкімдігі халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы 18 жергілікті тұрғын тартылды. Бүгінде мұнда құрылыстың соңғы жұмыстары жүргізілу үстінде. Заманауи үлгіде жаңарып, жаңа сипатқа ие болған білім беру мекемесі ауыл тұрғындарының көз қуанышына айналуда. Ендігі кезекте, ауыл халқының атсалысуымен демеушілер арқылы мектеп алдына  осы жылы еліміз бойынша 175 жылдығын атап өтіп жатқан Абай Құнанбайұлының ескерткіші орнатылған аллея ашу көзделіп отыр.


КӨШЕ ЖОЛДАРЫ ЖӨНДЕЛУДЕ

«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» шеңберінде өткен жылы бөлінген 1,5 млн. теңге қаражат,  қоғамдастық мүшелерінің келісімімен Ақтөбе ауылының «Қарабақыр» көшесіне шағал тас төсеу және Абай ауылындағы «Бурыл» көшесін жарықтандыру жұмыстарын жүргізу үшін жұмсалған болатын.


Биыл аталмыш бағыттағы жұмыстар өз жалғасын тауып, нәтижесінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы арқылы қарастырылған қомақты қаражатқа ауыл тұрғындарының өтініштерін негізге ала отырып, ауылішілік көше жолдарына орта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтар болсақ, Абай ауылындағы «Сармық» көшесін орта жөндеуге 21 572,0  мың теңге, «Абай» көшесін орта жөндеуге 15 000,0 мың теңге, «Жаңасаз» көшесін орта жөндеуге 15 377,0 мың теңге, «Жамбыл» көшесін орта жөндеуге 16 000,0 мың теңге, «Бурыл» көшесін орта жөндеуге 10 000,0 мың теңге бөлінді.
Мердігер «Рауан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ауыл көшелеріне жүргізіліп жатқан орта жөндеу жұмыстарына жергілікті тұрғындардан 17 адамды аудан әкімдігі халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы қамтуда.
Қазіргі таңда, Абай ауылындағы «Сармық» және «Абай» көшелері орта жөндеуден өткізіліп, асфальт төселсе, қалған көшелерге шағал тас төсеу, тегістеу жұмыстары жүруде.
Нәтижесінде «Жамбыл» көшесінің 0,8 шақырымы, «Бурыл» көшесінің 0,5 шақырымы, «Жаңасаз» көшесінің 1,5 шақырымы да орта жөндеуден өткізілмек.

 

КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ – БАСТЫ ТАЛАП

Бүгінде бизнес бастаймын деген адамдарға мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулар мен мүмкіндіктер мол екені белгілі. Округ аумағында 83 шаруа қожалығы, 3 сауда нүктесі және 25 жеке кәсіпкер тіркелсе, олардың қатары жыл санап артып келеді. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы бойынша бүгінгі күнге ауылдық округтен 10 азамат жалпы сомасы 36,3 млн. теңге несие алып, кәсіпкерлікпен айналысуды бастап кетсе, 2 азамат құжаттарын әзірлеуде. Кәсіпкерлікті мақсат тұтқан ауыл тұрғындары алған шағын несиелеріне төрт түлік малдарын сатып алды әрі отбасыларындағы жұмыссыз азаматтардан  1-2 адамнан  жұмыспен қамтуға қол жеткізді. Сонымен қатар, мемлекеттік грант бойынша 13 азамат өз өтініштерін білдірді.


Сазтеректік тұрғындардың кәсіпкерлікке бет бұру көрсеткіштері мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарының азаюынан анық байқалып отыр. Мысалы, 2019 жылы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 51 отбасының (50 отбасына шартты, 1 отбасына шартсыз) 298 адамына тағайындалса, ағымдағы жылғы «Атаулы әлеуметтік көмек» бағдарламасы бойынша 8 отбасындағы 51 адамға тағайындалып, төленуде. Солардың бірі - Абай ауылындағы «Сармық» көшесі №47 үйдің тұрғыны Самат Қайратұлы. Жары екеуі бес бала тәрбиелеп отырған Самат Қасымбеков атаулы көмек алатын отбасы қатарында болатын. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы арқылы құжаттарын өткізген Самат Қайратұлы қайтарымсыз 555 мың теңге грант ұтып алып, қаржысына 13 бас аналық қой алып өсіруде.
БҰДАН БӨЛЕК, Абай ауылындағы әкімшілік ғимаратын ағымдағы жөндеуге 5 млн. 988 мың теңге қаражат бөлініп, мердігер «Сәт-Күл-7» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмыстарды өз деңгейінде атқарды. Мұндағы ғимарат шатырын ауыстыру және сыртқы қабырғаларын қырып, қайта сылау жұмыстарына жұмыспен қамту орталығы арқылы екі адам жұмысқа тартылды.


Ауданымызда бастау алған асар үрдісін жаңғырту ниетімен “Асарлатып үй салу” жобасы облыс әкімінің қолдауымен облысымызда іске асырылып жатқаны баршамызға белгілі. Ауданда «18 ауылдық округте 18 баспана» бастамасымен басталған жобадан Сазтерек ауылдық округі де шет қалмауда. «Асарлатып үй салу жобасы» бойынша Абай ауылы, Б.Момышұлы көшесі, №17 үйдің тұрғыны, тұрмыс жағдайы төмен және ІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі азамат Оспанқұлов Бақтыбекке демеушілердің көмегімен тұрғын үй салу жоспарланып, қазіргі таңда, үй құрылысының орны белгіленді. Ауыл тұрғындары мен жастардың қайырымдылық шарасының нәтижесінде бүгінгі күнге 1,5 млн. теңге көлемінде қаражат жиналды. Жиналған қаржыға алдағы күндері құрылыс материалдары (тас, цемент, отсев) түсіріліп, үйдің іргетасын қалау жұмыстары басталады.
Ауылдық округке қарасты Абай, Ақтөбе және Жаңасаз ауылдарына «Регион-Сервис KZ» ЖШС-мен жерасты арқылы газ құбырлары жүргізіліп, әр тұрғын үйге құны 350,0 мың теңгеден табиғи газ кіргізіліп, үш елді мекеннен барлығы 191 тұрғын үй табиғи газды тұтынып отыр. Бұл жұмыс алдағы уақытта да жалғасын тауып, тұрғын үйлер толығымен газбен қамтылады деген сенімдеміз. 2018 жылы Абай ауылына су қабылдау және тарату имаратының құрылысы жүргізіліп, қазіргі таңда ауыл тұрғындары таза ауыз суды тұтынып отырғанын айта кеткен жөн.
Біздің елді мекендерге «Өтеміс», «Елшібай», «Текей» каналдары арқылы ағын су келеді. Каналдар тазалауды қажет ететіндіктен ауылдық округке су жетпей, шаруа қожалықтар жерлеріне егіс егіп, оны тиімді пайдалана алмай отырған еді. Ауылдық округ аумағындағы «Текей», «Кейкіман», «Жаңасаз» және «Сармық» каналдарының құжаттары рәсімделіп, «ҚазСушар» республикалық  мемлекеттік кәсіпорнының теңгеріміне өткізілді. Биылғы жылы республикалық бюджет есебінен Абай ауылының тұсынан өтетін «Өтеміс» каналын бетондау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл шаруа қожалықтардың егістік жерлерін тиімді пайдалануларына және жеке қосалқы шаруашылықты ағын сумен қамтуға өз септігін тигізетіні сөзсіз. 
Міне, Сазтерек ауылдық округінде ағымдағы жылға «Жұмыспен қамту жол картасы», «Өңірлерді дамыту» бағдарламалары бойынша ауылды дамыту мен оның тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсартуда осындай тындырымды тірліктер атқарылып жатыр.

Жұмабек ШАЙХИЕВ,
Сазтерек ауылдық округінің әкімі.

Обновлено 22.07.2020 11:02
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін257
mod_vvisit_counterКеше436
mod_vvisit_counterОсы аптада2641
mod_vvisit_counterӨткен аптада4663
mod_vvisit_counterОсы айда8302
mod_vvisit_counterӨткен айда13626
mod_vvisit_counterБәрі1234574

Серіктестер