Онлайн газет



69 АЗАМАТ ЖҰМЫСҚА ЖОЛДАНДЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ағымдағы жылғы 31 наурыз күні жасаған Үндеуінде карантиндік шаралардың салдарынан еңбекке қабілетті халықтың, бірінші кезекте жастардың көп болуын айтып, үкімет пен әкімдерге «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында осы аймақтарда нақты жобаларды дереу бастау қажеттігін ескерткені белгілі.
«Жабық кедергілерде отырмай, адамдар табыс көзіне ие болуы керек», - деген Мемлекет басшысы «Жұмыспен қамту жол картасы» бойынша жұмысқа баруға дайын азаматтарға екі ең төменгі жалақы мөлшерінде немесе 85000 теңге көлемінен төмен емес еңбекақы төленетінін айтқан болатын.
Бұл бағытта ауылдық елді мекендердің нысандарын жөндеу бюджеттік бағдарламасының талаптарын орындауға әр ауылдық округтердің әкімдері де атсалысуда. Халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары жұмыссыз азаматтардың елді мекендегі үй-үйлерін аралап, жекелеген жұмыстар атқаруда. Осы бағытта Үлгілі ауылдық округі бойынша да бірқатар жұмыстар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, үстіміздегі жылғы 4 мамырдан бастап инфрақұрылымдық жобаны іске асырушы «Нурмухаммет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жалпы сомасы 9 746 000 теңге қаржыға шағын футбол алаңын орнатты. Аудан әкімдігі халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы 85 000 теңге айлық көрсеткіші бойынша 3 жұмысшы азамат жұмысқа жолданып, маусым айының соңында футбол алаңын орнату аяқталды.
"Жолғай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі де 2020 жылғы мамыр айының 21-інен бастап, газ құбырын орнатуға 121 025 000 теңге қаражат жұмсалып, 10 гектарға үй кешенінің газ құбырын орнатуға 85 000 теңге айлық көрсеткішпен 20 жұмысшы азамат жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа жолданды. 2020 жылдың мамыр айының 14-ші күнінен бастап, "Энергосервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі электр жүйесін орнатуға 142 141 000 теңге қаражат жұмсалып, 28,9 гектар аумаққа тұрғын үй кешенінің инженерлік - коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға, электр жүйесін орнатуға 24 жұмысшы 85 000 теңге айлық көрсеткішпен жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа жолданды.
"Рауан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Үлгілі ауылындағы «1,2,3 бұрылыс  Исмаилов» көшелеріне  жарықтандыруды жөндеуге 5 жұмысшыны, Үлгілі ауылы «1,2,3 бұрылыс Жақыпбай» көшелері мен «2,3,4,6 бұрылыс Исмаилов» көшелеріне орташа жұмыс жүргізуге 17 жұмысшыны жұмысқа қабылдады. Нәтижесінде Үлгілі ауылдық округіне халықты жұмыспен қамту орталығынан 69 азамат жолдамамен жұмысқа жолданды.

Жансерік ОРАЗОВ,
аудан әкімдігі халықты жұмыспен қамту орталығының маманы.

Обновлено 22.07.2020 10:49
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін257
mod_vvisit_counterКеше436
mod_vvisit_counterОсы аптада2641
mod_vvisit_counterӨткен аптада4663
mod_vvisit_counterОсы айда8302
mod_vvisit_counterӨткен айда13626
mod_vvisit_counterБәрі1234574

Серіктестер