Онлайн газет



АУДАН ЖАСТАРЫ ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ

Бүгінгі таңда, аудан аумағында өкпе қабынуы өршіп тұр. Қуаныштысы, дәрігерлердің ем-шарасы шипа болып, жазылып шыққандар қатары да күн сайын көбейіп келеді. Ал, ем-домнан кейін дерттен беті бері қараған науқас үшін де, індетпен арпалысып жүрген абзал жандар үшін де ағзаға қажетті дәрумен тұтыну басты қажеттілікке айналды.
Қымыз  адам ағзасындағы өкпенің дұрыс жұмыс жасауына және аурумен күресетін иммундық қорғаныш қабілетінің күшеюіне ықпал ететінін қасиеті бар.”Жастар ресурстық орталығының” ұйымдастыруымен қауіпті індетпен күресіп жүрген аудандық орталық аурухана қызметкерлеріне 100 литр қымыз бен ауыл тұрғындарына екі жүз данадан астам бетперделер мен жаднамалар таратылды. Бейбіт күннің батырларына аудан жастары осылайша қолдау білдірді.
«Қиын кезеңде ел болып бір-біріне көмектесіп жатқан азаматтар жетерлік. Байзақтық кәсіпкерлер мен жастар да көмек қолын созуда. Мұндай қайырымдылық шаралары алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады», - дейді бізге берген сұхбатында аудандық орталық  ауруханасы Бас дәрігерінің орынбасары Ерик Мусабаев.
Өз кезегінде көп балалы ана Бағдагүл Құрбиязова карантин режімі күшейгелі табыс көзінің азайғанын айтады. Осындай кезеңде ел болып, көмектесіп жатқан жомарт жандарға өз ризашылығын білдірді.

*    *    *
А.Д.Биназаров бастаған Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі есебінен 1 миллион теңге ақшалай ИВЛ аппаратын алу үшін Байзақ аудандық орталық ауруханасының есеп шотына аударылды.
Колледж ұжымы қосымша 200 000 теңге жинап, Gamma ингаляторын және 25 дана бір адамдық көрпе - төсек жабдығын алып, ауруханаға табыстады. Сонымен қатар, COVID-19 вирусымен күресте алдыңғы шепте жүрген аурухана қызметкерлеріне және емделушілерге қолдау көрсету мақсатында бір қой етін жеткізді.

Еламан МӘҢКЕҰЛЫ,
«JAMBYL» телеарнасының Байзақ ауданы бойынша меншікті тілшісі.

Обновлено 22.07.2020 10:46
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін234
mod_vvisit_counterКеше436
mod_vvisit_counterОсы аптада2618
mod_vvisit_counterӨткен аптада4663
mod_vvisit_counterОсы айда8279
mod_vvisit_counterӨткен айда13626
mod_vvisit_counterБәрі1234551

Серіктестер