Онлайн газет



САҚТАНСАҚ ҚАНА САҚТАЙДЫ

Әлемді шарпыған қауіпті індеттің таралу деңгейлі жылдам екен. Төрткүл дүниенің әр бұрышында індетті жұқтырғандар саны артуда. Біздің елімізде де, соның ішінде, ауданымызда да квимен ауырып жатқандар жайлы бақ беттерінде кеңінен ақпараттар берілуде.
Жұқпалы кеселден сақтану жолдары туралы дәрігерлермен жүргізілген сұхбаттар көрсетіліп, өзіңді және жақындарыңды қорғау жөнінде кеңінен ақпараттар берілуде.
Еркін жүріп қалған біздер үшін Төтенше жағдай режімін сақтау оңай болған жоқ. Ағымдағы жылдың 16 наурызында елімізге Төтенше жағдай енгізілген кезде дерттің таралу деңгейі төмендеген болатын. Кейіннен шектеу шаралары жеңілдетілген кезден бастап қауіпсіздік шараларын екінші орынға ысырған кезде індет жұқтырғандар қатары қалыңдай түсті. Соның салдарынан көптеген азаматтар өмірден озды. Кви ешкімді аямайтындығына әрі ауа арқылы таралатындығына көзіміз жетті. Соңғы аптада жағдай тұрақталып келе жатқан секілді. Соған қуанып отырмыз. Індетке тосқауыл қою үшін қатаң тәртіпке бағыну санитарлық талапты ұстанудың маңызын ұқтық.
Жұқпалы кеселдің алдын алу үшін үйде болу, оқшаулану, қажет болмаса үйден шықпай бала - шағаның амандығы үшін талапқа бағыну керектігін әрбіріміз жете түсінуіміз керек.
Жетпіс жастан асып, ұл мен қыздан немере - шөбере көріп отырған жайым бар. Отбасымның амандығы үшін отбасылық шараларға бармайтын болдық.
“Сақтансаң - сақтайды”, - дегендей отбасымыз, өсіріп отырған бала - шағамыз көз алдымызда аман болсын десек үйде болайық, ағайын! Өйткені, елдің амандығы - өзіміздің амандығымыз.

Момын ӘБДІБЕК,
Дихан ауылы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін259
mod_vvisit_counterКеше436
mod_vvisit_counterОсы аптада2643
mod_vvisit_counterӨткен аптада4663
mod_vvisit_counterОсы айда8304
mod_vvisit_counterӨткен айда13626
mod_vvisit_counterБәрі1234576

Серіктестер