Онлайн газет



ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ - ИГІ ІС

“Қайырымдылық ісіңнен көрінеді”,- дейді қазақ. Қайырымдылық - асыл қасиет. «Жанашырлыққа — жан риза» дегендей, мұқтаж жандарға аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске атсалысу - әрбір адамның азаматтық парызы. Адамдар бір — біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. «Біз біргеміз» акциясы аясында аудан орталығындағы “Байзақ баба” мешітінде қайырымдылық шарасы өтті.

Қайырымдылық шарасында сөз алған Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облысы бойынша Бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев  сын сағатта  бір-бірімізге көмек қолымызды созып, жанашырлық таныту қажеттігін атап өтіп, өз атынан көпбалалы, аз қамтылған 12 отбасының әрқайсысына 25 мың теңгеден қаржылай көмекті табыстады.
Аудан әкімінің орынбасары Дәуір Дәулетов қоғамның осал топтарына көрсетіліп жатқан қамқорлықтарға тоқтала келіп,  індеттің таралуына жол бермеу үшін сақтық шараларын қатаң ұстануға шақырды. «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шолпан Байтақова коронавирус инфекциясының таралуына тосқауыл қою мақсатында атқарылып жатқан жұмыстардың маңыздылығын, мобильдік топ мүшелерінің елді мекендерді аралап, түсінік жұмыстарын жүргізіп, карантин талаптарын бұзғандар жауапкершілікке тартылатындығын айтты. Санитарлық нормаларды сақтау, арақашықтықты ұстану, бетперде тағудың өзектілігіне екпін салды.
Бұдан соң ауданның жомарт азаматтарының демеушілігімен  сойылған 2 қойдың еті 12 отбасыға таратылды. Осындай көмекке ие болған  көпбалалы ана Бағдакүл Құрбиязова табыс көзі азайып, қиналған сәтте ел болып көмектерін беріп жатқан азаматтарға алғысын білдірді.

Өз тілшіміз.

Обновлено 20.07.2020 10:36
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін169
mod_vvisit_counterКеше436
mod_vvisit_counterОсы аптада2553
mod_vvisit_counterӨткен аптада4663
mod_vvisit_counterОсы айда8214
mod_vvisit_counterӨткен айда13626
mod_vvisit_counterБәрі1234486

Серіктестер