Онлайн газет



ЖАҚЫНЫҢА ҚОРҒАН БОЛ!

«Егер денің сау болса, оны сақтамақ керек. Ал егер сау болмаса, сауықтыру керек» деп Әбу Насыр әл-Фараби бабамыз айтқандай, әлемдік індеттің таралуына жол бермеу үшін тазалық пен карантин талаптарын қатаң сақтау қажет. Өйткені бүгінде жұқпалы індет  ғаламның түкпір-түкпіріне тарап, адамзатқа қауіп төндіріп отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы пандемияның қашан аяқталатынын болжау мүмкін еместігін жария етті. Сондықтан одан сақтану жолы - оқшаулану. Осы бір қарапайым қағиданы әр азамат ұстанып,  шектеу шараларына түсіністікпен қарап, өзін және жақындарының амандығы үшін тәртіпке бағынса аталған сыннан сүрінбей өтетін боламыз. Өйткені  тәртіп бар жерде нәтиже бар.
Қазіргі таңда қатерлі дерттің дауасын табу үшін еліміздің білікті ғалымдары тынбай ізденуде. Алдыңғы шепте тұрған дәрігерлер ажалмен бетпе-бет келіп, қайтсем ауру құрығына іліккен жандарды аман алып қалам деп жан аямай күресіп жатыр. Сол себепті тұрғындар карантиндік жағдайды тиісінше қабылдап, мемлекеттік құрылымдар тарапынан қойылған талап, шарттарды бұлжытпай орындауға міндетті. Өкпеден қысқан коронавирустан сақтану үшін отбасылық  іс-шараларды шектеп, егде жастағылардың үйде отырып, сақтық ережелерін ұстану қажеттігін уақыттың өзі көрсетіп отыр.
Коронавирус инфекциясы-аса қауіпті ауру. Қаншама адам осы кеселден көз жұмды. Жұқпалы аурудың әлі де емі табылмай жатыр.
Дәрігер ретінде айтарым, елдің амандығы - әрқайсымызға байланысты. Көшеде бетперде тағып, қолды жиі жуып, қарапайым талаптарды сақтауға шақырамын. Жақыныңа қорған болу, сын сағатта төзім мен сабырды серік ету, тәртіпке бағыну арқылы жаймашуақ өмірге де тез оралатын боламыз.

Сұлтанкерей Мәжібаев,
ардагер дәрігер.
ауданның Құрметті азаматы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін171
mod_vvisit_counterКеше436
mod_vvisit_counterОсы аптада2555
mod_vvisit_counterӨткен аптада4663
mod_vvisit_counterОсы айда8216
mod_vvisit_counterӨткен айда13626
mod_vvisit_counterБәрі1234488

Серіктестер