Онлайн газет



ЖАСТАР САҚТЫҚҚА МӘН БЕРЕЙІК

Қазіргі таңда COVID-19-дың ауқымы кеңейіп, вирусты жұқтырғандар саны күн санап артып келеді. Елімізде қабылданған карантин шараларына қарамастан кейбір азаматтар санитарлық талаптарды сақтамай, немкеттілік танытып жүргені көңілге кірбің салуда. Әсіресе, жастардың бірі бетперде тағып, енді бірі тақпай, топ-топ болып жүретіндер  үйлерінде отырған ата-аналары, бауырларының денсаулығына алаңдамайтындығы қынжылтады.
Көзге көрінбейтін вирус ешкімді аямауда. Аталған індеттен небір тұлғалар, білікті дәрігерлер, полиция қызметкерлері, қарапайым азаматтар өмірден озуда. Аптаның басында індет құрбандарын еске алдық, рухына тағзым еттік.
Өзіңнің амандығың - елдің амандығы. Күн сайын теледидар мен басылым беттерінде, әлеуметтік желілерде коронавирустан қорғану шаралары туралы насихаттарға  немқұрайдылық танытудың соңы өкінішке әкелуде. “Әр азаматтың амандығы үшін күресейік!” деп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай,  отбасымыз бен халқымыздың  аман болуы тікелей өзімізге байланысты. Ол үшін оқшауланып, арақашықтықты сақтап, денсаулығымызға күтіммен қарап, бір-бірімізді қорғайық. Сонда ғана індетті жеңетін боламыз.

Гүлнар Тайжан,
М. Х. Дулати атындағы ТарГУ-дің 2-курс студенті.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін175
mod_vvisit_counterКеше436
mod_vvisit_counterОсы аптада2559
mod_vvisit_counterӨткен аптада4663
mod_vvisit_counterОсы айда8220
mod_vvisit_counterӨткен айда13626
mod_vvisit_counterБәрі1234492

Серіктестер