Онлайн газет



ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ТҰҒЫРЫ

Кез келген мемлекеттің, елдің тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айқындайтын басты құжаты  - Конституция. Онда мемлекеттің барлық құрылымдарының, этностардың, әлеуметтік топтардың мақсаттары, міндеттері мен құқықтары көрсетіледі.
Тоғыз бөлім мен тоқсан сегіз баптан тұратын Ата Заңның алғашқы бабы: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», – деп басталады. Бұл мемлекетімізде адам мен оның өмірі, құқықтары мен бостандықтарының өте жоғары дәрежедегі құндылық ретінде бағаланатындығын көрсетеді.
Осыдан жиырма бес жыл бұрын, 30 тамызда Қазақстан халқы тарихи шешім қабылдап, еліміздің құқықтық өміріндегі жасампаз жаңа дәуіріне қадам басқан еді. Содан бері қарай тәуелсіздігіміздің тірегіне айналған Ата Заң - мемлекет пен қоғамда орын алып отырған барлық саяси-экономикалық, әлеуметтік реформалардың ілгері басуына, дамудың қайнар бастауына айналды.
Конституция тұрақтылықтың, бейбітшіліктің, келісімнің, азаматтық қоғамды дамытудың маңызды факторына айналды. Маңызды құжаттың негізінде қазіргі заманғы мемлекеттік тетік пен құқықтық жүйе қалыптасты, экономиканың мықты іргетасы қаланды, саяси плюрализм мен сөз бостандығы, сапалы білім алу, медицина, әлеуметтік қамтамасыз ету үшін тең мүмкіндіктер қамтамасыз етілді.
Конституция – жас мемлекетіміздің берік тұғы­ры. «Конституцияны қатаң ұстану  - бұл мемлекеттіліктің табысты дамуының және қоғамдағы азаматтық келісімнің негізі. Ол бойынша өмір сүру - бұл демократияның ең жоғарғы мектебі. Бұл мектептен барлығымыз өтуге тиіспіз. Біздің міндет - Конституцияға аса ұқыптылықпен қарау. Өзіміздің елімізді, өзіміздің тарихымызды, өзіміздің жетістіктерімізді қалай құрметтесек, оны да солай аялауымыз керек”, - деп Елбасы айтқандай,  еліміздің басты құжатын қастер тұту-әр қазақстандықтың басты міндеті деп білеміз.

Архат Өксікбаев,
аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің инженері.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1452
mod_vvisit_counterКеше1540
mod_vvisit_counterОсы аптада5593
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда31160
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2201890

Серіктестер