Онлайн газет



ІНДЕТТІҢ ЕМІ-САБЫР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі ахуалға байланысты 8 шілде күні  халыққа жасаған Үндеуінде 13 шілдені - Ұлттық аза тұту күні деп жариялаған болатын.
Ел Президенті Қ.Тоқаев Үндеуде індетті тоқтату мақсатында қолға алынып, атқарылып жатқан шараларға тоқтала келіп,  әр азаматтың өмірінің қымбат екендігін, пандемияны еңсеретінімді айтып, ел-жұртқа жігер берді.
Дүйсенбі, 13 шілде күні Мемлекеттік Ту төмен түсіріліп,  аудан халқы да коронавирус  құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды.  Аудан аумағындағы мешіттерде аза тұту күніне орай Құран оқылып, дұға жасалды.
Қауіпті вирустан елге еңбегі сіңген арда азаматтар, зиялы қауым өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ауырып жатқандардың өмірі үшін күрескен дәрігерлер, қарапайым азаматтар дүниеден озды. Келместің кемесіне мініп кеткендердің отбастарына көңіл айта отырып, Алла қайғының артының қайырын берсін дейміз. Сырқаттанып жатқандар жазылып, отбастарына оралсын деп тілейік.
Ел басына түскен қиындықты жеңетінімізге сенімдіміз. Алда жарқын күндердің таңы атып, бәріміз жақсылықта бас қосарымыз анық. Ол үшін алдымен бір-бірімізге жанашыр болып, карантин тәртіптерін қатаң сақтайық.Үрейге, әлеуметтік желілердегі қауесеттерге бой алдырмай, отбасында   қауіпсіздік ережелерін ұстану қажеттігі турасында әңгіме қозғасақ орынды болар еді.
Жалпы оқшаулануды әдетке айналдырсақ,  бетперде тағу, арақашықтықты сақтау, халық көп жиналған жерге бармау, тағы да басқа сақтық шараларын қатаң ұстанатын болсақ, індеттің тізбегін үзетін боламыз. Олай болса, өзіміздің, отбасымыздың, жалпы елдің әр азаматының амандығы үшін санитарлық гигиеналық талаптары сақтауға шақырамын.

Сайлаубек  Наурызбаев,
ауданның Құрметті азаматы.
Cарыкемер ауылы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1656
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада7673
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда33240
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2203970

Серіктестер