Онлайн газет



ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУ ҮШІН ҚАЙДА ЖҮГІНУ КЕРЕК?

2020 жылы “Жұмыспен қамтудың жол картасы” (ЖҚЖК) бағыттарын іске асыру бойынша  ауданды көркейтуге 135 жобаға  бюджеттен 6 268  008 мың теңге қаражаты бөлінді.  Бұл бағыттағы құрылатын жұмыс орындарының саны 2084, оның 50%-ы халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы, яғни 1053 адам жұмысқа алынады. Бағдарлама арқылы жұмысқа орналасу үшін халықты жұмыспен қамту орталығына жүгіну қажет.  Жол картасының талаптары мен шарттары бойынша кемінде 90% отандық жұмыскерлер болуы, жұмысшылардың еңбекақысы 85 мың теңгеден төмен болмауы тиіс. Жол картасы аясында жүзеге асырылатын жобалардың

35%-ы әлеуметтік сала нысандарына, 34%-ы инженерлік-көлік инфрақұрылымын жаңғыртуға, 14%-ы тұрғын үй-коммуналдық мәселелерді шешуге, 17%-ы елді мекендерді абаттандыруға бағытталған. ЖҚЖК  инфрақұрылымдық жобаларын іске асыру төмендегі 4 негізгі бағытты қамтиды:
– әлеуметтік-мәдени объектілерді күрделі және ағымдағы жөндеу, реконструкциялау және салу (білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, демалыс және т. б. объектілер);
– тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу, реконструкциялау (сумен жабдықтау, кәріз, газбен, жылумен, электрмен жабдықтау жүйелері);
– инженерлік-көлік инфрақұрылымын күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу, реконструкциялау және салу (автомобиль жолдары, тротуарлар, бөгеттер, дамбалар мен көпірлер, арналар, су шаруашылығы объектілері мен құрылыстары);
– елді мекендерді абаттандыру (аулаларды абаттандыру, көшелерді, саябақтарды, скверлерді жарықтандыру және көгалдандыру, иесіз объектілерді бұзу және т. б.).
Бүгінгі күнде барлық жобалардағы жұмыс беруші мердігерлерде  құрылған жұмыс орындарының саны 1599, ал халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа жолдама алғандардың саны 717 адамға жеткізілді немесе жалпы жоспардың 68%-ын құрап отыр.

 

Дидар Сансызбаев,
бөлім басшысы.

Обновлено 15.07.2020 10:09
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін4
mod_vvisit_counterКеше649
mod_vvisit_counterОсы аптада1857
mod_vvisit_counterӨткен аптада4345
mod_vvisit_counterОсы айда14374
mod_vvisit_counterӨткен айда16500
mod_vvisit_counterБәрі1257146

Серіктестер