Онлайн газет



СЫНАҚҚА ШЫДАМДЫЛЫҚ ТАНЫТҚАНЫМЫЗ АБЗАЛ

Ассалаумағалейкум, қадірлі жамбылдық жерлестер!
Елді жайлаған ауыр індет талай адамдарды жақындарынан айырды.Кеше ғана аман-есен жүрген кісілер, бүгінде бақилық болып, мәңгілік мекеніне аттанды. Біреудің анасы, екіншісінің әкесі, енді бірінің әжесі, бауыры...Алайда мұның барлығы еліміздің қаралы оқиғасы.
Бұл туралы еліміздің Президенті де өз Үндеуінде: “Әр қазақ-менің жалғызым” деп қазаға қабырғасы қайысқанын байқатты.
Алладан келдік, Аллаға қайтамыз.Ұлы Раббымыз: «Әркім өлім дәмін тартады» деп бұл туралы баяндаған.
Адам баласына бұл өмірде Алла Тағаланың түрлі сынақтар беретіні хақ. Қасиетті  Құранда: «Шүбәсіз, Біз сендерді қорқынышпен, аштықпен және мал-мүліктеріңді, жақындарыңды әрі өнімдеріңді (табыстарыңды) кеміту арқылы сынаймыз»,–деп ескерткен  («Бақара» сүресі,155-аят).Сондай сынақтың бірі–індеттің тарауы. Қазіргі уақытта коронавирус атты жұқпалы ауру бүкіл адамзатты алаңдатуда. Бұл індет бірқатар елге таралып, мыңдаған адамның өміріне қауіп төндіруде. Сондықтан, еліміздің әрбір азаматы денсаулығына жете мән беруі қажет.Жұқпалы індеттің алдын алу үшін барлық сақтық шарасын көру керек. Алла Тағала адамзат баласына: «Өз бастарыңды қауіп-қатерге тікпеңдер»,– деген («Бақара» сүресі,195-аят). Алла берген аманат–өз өміріміз бен денсаулығымызға дұрыс күтім жасамай, қауіп-қатерге көзсіз ұрынсақ, опық жейміз.
Кейде Алла Тағала өзінің сүйікті құлдарына ауру беріп те сынайды. Бұған жиіркенерліктей ауруға шалдыққан Аюб пайғамбардың (с.ғ.) өмірі-өнеге.Оның тақуалығының кемелдігі соншалықты, басына түскен қиыншылықты үлкен сабырлылықпен жеңе білген. Оның сабырлығы жөнінде Алла Тағала Құранда: «Шынында, оны сабырлы көрдік. Ол не деген жақсы құл! Өйткені, ол өте бойұсынушы»,-дейді. Денсаулыққа зиянның келуі сабырсыздықтан да болып жатады, ал, Алла тарапынан сынақ ретінде келген ауру түрлері шынайы мүмін үшін үлкен құрмет екені белгілі.Бұл туралы хадистердің бірінде: «Алла Тағала айтады: «Егер  Мен құлымның екі сүйіктісін (екі көзін) алып сынасам, ал ол оған сабыр етсе, онда Менің тарапымнан ол үшін оның сауабы – жәннат болады»,-делінген.
Кей кісілер ауырған жағдайда “мен саған не жаздым?”,-деп Алланы жазғырып жатады. Халық даналығында “ешкім ауруды сұрап алмайды” деген сөз бар. Ауру адам үшін—сын, одан ешкім сақталмаған, Алла Тағала ауру арқылы өзінің пенделерін сынайды.Шариғат бойынша ауру адамдар қамқорсыз және қуатсыз күйде болғандықтан, бірінші кезекте оның қорғауына түседі. Шариғаттың барлық негіздері әлсіз және ауруларды емдеу мен олардың игілігі үшін жұмыс істейді.
Алла Елшісі (с.ғ.с) дерттердің ішінде жұқпалы аурулардың алдын алуға баса назар аударған. Айталық, әз пайғамбар (с.ғ.с) оба  ауруы туралы: «Бір жерден оба ауруы шыққанын білсеңіз, ол жерге бармаңыз.Отырған жеріңізден оба ауруы шықса, басқа жерге қозғалмаңыз» (Бұқари, Тибб: 30, Муслим, Сәлам: 92.Тирмизи, Жанайз: 66)–дейді.Бұл хадистен Алла Елшісінің (с.ғ.с) жұқпалы індеттің таралып кетпеуіне баса көңіл бөлгенін аңғарамыз. Яғни, адам көздеген мақсатына қол жеткізу үшін, пәлекеттен қорғану үшін алдымен қолынан келер бар әрекетін жасауы керек.Алла Елшісінің (с.ғ.с): «Әуелі түйені байлап, сосын тәуекел ет» (Тирмизи, Қияма: 60) деген хадисінің мәні де осында жатыр.
Құран Кәрімнің «Әли Имран» сүресінің 146-аятында: «Алла сабыр етушілерді сүйеді», -делінсе, «Нахл» сүресінің 96-аятында: «Расында, сабыр еткендерге жасаған амалдарынан да жақсы сый береміз»,-деп айтылады.
Қасиетті Құран Кәрімде сабырлылықтың хикметі туралы жетпіске жуық аят бар. Алла Тағала «Бақара» сүресінің 153-аятында: «Ей, иман келтіргендер, сабыр және намазбен көмек сұраңдар. Күмәнсіз Алла сабырлық қылушылармен бірге», –деп бұйырады.
Хадис шәрифте былай деп бұйырылды: «Лә хаулә уәләқууәтә иллә билләһил алии ил-азыйм» кәлимасын оқу 99 дертке дауа болады. Бұлардың ең жеңілі қайғы. «Бұны «тәмжид кәлимасы» деп айтылады. Қорыққан кездерде және жыннан қорғану үшін де оқылады.
«Расында, сабыр еткендерге жасаған амалдарынан да жақсы сый береміз» деген аятты жоғарыда айттық. “Әрбір қиындықтың артынан бір оңайлық бар, әрбір ауырлықтың артынан бір жеңілдік бар,  дейді Құранда. Ашуды жеңе білу– ол да сабырлық.
Сондықтан келген аурудан ең әуелі Алладан шипа сұраңыз. Талаптарды сақтап, ем алып, болып жатқан қаралы оқиғаларда сабыр сақтауға шақырамыз!

Бейбіт МЫРЗАГЕЛДИЕВ,
Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының  Жамбыл облысы бойынша Бас имамы.

Обновлено 15.07.2020 10:05
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін46
mod_vvisit_counterКеше649
mod_vvisit_counterОсы аптада1899
mod_vvisit_counterӨткен аптада4345
mod_vvisit_counterОсы айда14416
mod_vvisit_counterӨткен айда16500
mod_vvisit_counterБәрі1257188

Серіктестер