Онлайн газет



ҚАТАҢ ТӘРТІП - ІНДЕТКЕ ТОСҚАУЫЛ

Денсаулық біріншіден адамның өзіне, одан кейін жақындарына, әрі қарай ортаға, мемлекетімізге қажет. Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев “Ана тілі” газетіне берген сұхбатында: “Біз бір елде тұрып, бір ауаны жұтып, бір қоғамда өмір сүріп жатқаннан кейін ешкім де бұл аурудан өзін толықтай қорғай алмайды. Бір планетаны мекен еткен соң өзге  елдегі дерт бізге келмейді деп бейқам отыра алмаймыз. Пандемия шекараға қарамайды. Сақтансақ қана өзімізді, жақындарымызды аурудан аулақтата аламыз”, - деген болатын.
Аурудың алдын алу шаралары дер кезінде қолға алынса да жұқпалы вирус күн сайын көбеюде. Қазақстан  бойынша  61 755 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған, олардың ішінде 35 911 адам (58%) жазылып шықты, 25 448 адам емделуде.  Өкінішке орай көз жұмғандар да баршылық. 
Бес құрылықты алқымнан алған пандемияға қарсы күрестегі іс-қимылдың жетістігі, біріншіден, күллі қоғам мен әрқайсымыздың жауапкершілігімізге қатысты. Қоғамның басты құндылығы адам десек, оның бас амандығы мемлекет үшін маңызды. Мемлекет басшысы және Үкімет тарапынан халықтың денсаулығын қорғау бағытында тиісті шаралар қолға алынуда.
Қатаң тәртіп - індетке тосқауыл.Тәртіп пен денсаулықты сақтау, өзін-өзі оқшаулау, өз басының және жақындарының қамын ойлау - жалпыға ортақ қастерлі міндет. Ал қауіпті кеселден  ең алдымен отбасымыздағы қарт кісілерді, содан соң бала-шағамызды, өзімізді, өзгелерді сақтай білейік! Жанымызда жүрген әр азаматтың өмірі қымбат болғандықтан, бір-бірімізге қамқор болып, қабылданған қатаң шектеу шараларына бағынайық.

Нұртас Момбаев,
аудандық статистика  басқармасының жетекші маманы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін339
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада6356
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда31923
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2202653

Серіктестер