Онлайн газет



БАСТЫСЫ – ЕЛДІҢ АМАНДЫҒЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 8 шілде күні елдегі ахуалға байланысты телевизиялық Үндеу жолдаған болатын. Үндеуде Президент елде қалыптасқан ахуалға тоқтала келе, Мемлекеттік комиссияның шешімімен 5 шілдеден бастап елімізде екі апталық мерзімге карантин шаралары енгізілгендігін атап өтіп, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарға тоқталды. Елдің басына түскен қиындықты сабырмен жеңуге  шақыра отырып, ауырып жатқан науқастардың жазылып кетуіне тілектестігін білдіріп, тұрғындардың індетпен күресу барысында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды, жақындарына жанашырлық таныту керектігін жеткізді.
Мемлекет басшысы жалған ақпарат таратқан адам, дәрі-дәрмектің бағасын бірнеше еселеп өсіріп, пайда тапқысы келетін азаматтар жауапкершілікке тартылатындығын ескертті. Ал сөзін: “Біз – талай зобалаң мен сынақты бастан өткерген, тарихтың талай дауылына бой бермеген халықпыз. Батыр бабалардың жолын жалғаған бүгінгі ұрпақ та қазіргі қиындыққа төтеп береді деп сенемін. Бәлкім, бұл біздің бірлігімізді байқау үшін берілген сынақ шығар. Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, ұйымдаса білсек, бұл сыннан да өтерміз.
“Денсаулық – зор байлық» деген халқымыздың дана сөзінің қадірін білейік. Әр азаматтың амандығы үшін күресейік!”, - деп сөзін аяқтауы оның елінің ертеңін ойлаған басшы екенін тағы бір мәрте дәлелдеп, ертеңгі күніміз үшін алаңдауға еш негіз жоқ екенін көрсетті.
Қорыта айтқанда, коронавирус инфекциясының таралуын тұрақтандыруға бағытталған қатаң шектеу шараларын ұстану әр азаматтың міндеті саналады. “Қолды жиі жуып, үй-жайды желдету, әлеуметтік қашықтықты сақтау, адам көп жиналатын жерден аулақ болу  індетті жұқтырмаудың бірден-бір жолы”, - дейді дәрігерлер. Олай болса  дәрігер кеңесін ескеру, өзіміз бен жақындарымыздың амандығына жауапкершілікпен қарайық дегім келеді.

Кемелбек Беспаев,
аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін27
mod_vvisit_counterКеше649
mod_vvisit_counterОсы аптада1880
mod_vvisit_counterӨткен аптада4345
mod_vvisit_counterОсы айда14397
mod_vvisit_counterӨткен айда16500
mod_vvisit_counterБәрі1257169

Серіктестер