Онлайн газет



ДЕРТТІҢ ДАУАСЫ - CАҚТЫҚ ШАРАСЫ

Әлемді жайлаған жұқпалы індеттің таралуының алдын алу бағытында ауданымызда жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Тұрғындардың сақтық шараларын ұстану қажеттігі жан-жақты түсіндіріліп, коронавирус инфекциясынан қорғану жолдары жергілікті басылым беттері мен әлеуметтік желілерде жиі жариялануда.
Күні кеше ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  халыққа Үндеу жасап, әлемдегі пандемияға байланысты жағдай күрделене түскендігін, оның таралу  деңгейінің өсіп отырғандығын, әлем бойынша аталған вирусты жұқтырғандар шамамен 12 миллионға жеткендігін, соның салдарынан 500 мыңнан астам адамның қайтыс болғандығын айтты. Елімізде қабылданған шаралар мен медицина қызметкерлерінің ерен еңбегінің арқасында емделіп шығып жатқан азаматтардың саны едәуір көбейгендігін жеткізді. Жұқпалы індетті ауыздықтау үшін сақтық шараларын қатаң ұстануға шақыра отырып, қара жамылып отырған азаматтардың қайғыларына ортақтасып, көңіл айтты. 13 шілдені - ұлттық аза тұту күні деп жариялады. Бір адамның қазасы барлық қазақтың қайғысы болуы тиіс екендігін, әрбір адам  отбасына ғана емес, бір өңірдің денсаулығына жауапты екендігін атап өтті.
Мемлекет басшысы қиындықты бірлігіміздің арқасында жеңіп шығатынымызды айтып, халықты  еңселерін түсірмеуге шақырды.
Қазіргі таңда мемлекет тарапынан барлық қажетті шаралар қабылданып, қомақты қаражат та бөлінуде. Ел-жұрт болып бұл қиындықты да еңсеретін боламыз.
Дерттің дауасы - сақтық шаралары. Ол үшін санитарлық талаптарды мұқият орындап,  вирустың таралуын төмендетуге үлесімізді қосайық. Отбасымыздың, өсіп келе жатқан  немерелеріміздің денсаулығы мен болашағы біздерге байланысты. Сондықтан өзімізді, отбасымызды және қоғамды қорғайық.

Мария Жанбосынова,
еңбек ардагері,
Сарыкемер ауылы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін22
mod_vvisit_counterКеше649
mod_vvisit_counterОсы аптада1875
mod_vvisit_counterӨткен аптада4345
mod_vvisit_counterОсы айда14392
mod_vvisit_counterӨткен айда16500
mod_vvisit_counterБәрі1257164

Серіктестер