Онлайн газет



МОНИТОРИНГТІК ТОП РЕЙДКЕ ШЫҚТЫ

Аудан әкімі аппаратының жанынан құрылған мониторингтік топ шілде айының 3-і мен 6-ы аралығында  18 ауылдық округтерде болып, шағын және орта бизнес нысандарының санитарлық талаптарды қалай сақтап отырғанын анықтау мақсатында  рейдке шығып, бірқатар кемшіліктерді анықтады. Атап айтқанда, Үлгілі ауылдық округіндегі  “Ақтөре”, Қостөбе ауылдық округіне қарасты Талас ауылында орналасқан “Расул”, Қызыл жұлдыз ауылындағы “Сұлтан”, “Нұрдастан”,  “Бөгембай”, “Аида”, “Алима”, Бурыл ауылындағы “Дана”, “Хан төре”, “Мария”, “Димаш”,  “Сұлтан”, “Құйылмалы сыра”, Көктал ауылындағы “Димаш”, “Аяулым”, Мырзатай ауылындағы “Жібек жолы”, “Ажар”,  Дихан ауылындағы “Сая”, Түймекент ауылындағы кішігірім азық-түлік дүкендерінде санитарлық талаптардың кейбірі бұзылғандығы анықталды. Меншік иелеріне карантиндік шараларға түсіністікпен қарап, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырды. Ереже бұзушылыққа жол бергендерге  олқылықтың орнын толтыру, сондай-ақ, шектеу шараларын ұстану туралы ескертулер жасалды.
Бұдан бөлек, Түймекент ауылы Т.Қабылов көшесі, №81 үйдің иесі М.Мақашевпен (баласының үйленуіне байланысты беташарды тоқтату туралы) түсіндірме жұмысы жүргізілді. Сондай-ақ,  5 шілдеде Сарыкемер ауылы, Б.Момышұлы көшесі, №55 үйдің тұрғыны Адилхан Рахметовадан беташар өткізгені үшін түсініктеме алынып, құжаттары аудандық полиция бөліміне тапсырылды. Мұнымен қатар, 5-6 шілде аралығында Республикалық бас дәрігердің қаулысын бұзып, жұмыс жасап жатқан Қызыл жұлдыз ауылындағы “Аида” дүкенінің ішіне орналасқан шаштараз,  аудан орталығындағы “Асель” және “Элегант” шаштараздары анықталды.
Үстіміздегі жылдың 26 маусымында аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы міндетін атқарушы А.Қалматаевпен карантин режімі кезінде қызметін жүзеге асыратын 31 объектіге тексерулер (мониторинг) жүргізу кестесі бекітілген болатын. Осы кестеге сәйкес мониторингтік топ 17 объектіге тексеру жүргізді. Оның ішінде 1 объект жұмысын тоқтатқан, 2 объектінің мекенжайы анықталмады, ал қалған 14 объектінің ішінен 3 объекті санитарлық режімді сақтамағаны үшін айыппұл салуға хаттама толтырылып, (Сарыкемер а/о шаштараз “Виктория”, Жаңатұрмыс а/о “Дөйт” асханасы, Қостөбе а/о “Узбечка” асханасы)  сот органдарына жолдауға құжаттар жинақталуда.

Шолпан Байтақова,
топ жетекшісі.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1667
mod_vvisit_counterКеше1540
mod_vvisit_counterОсы аптада5808
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда31375
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2202105

Серіктестер