Онлайн газет



АСТАНА АТЫНДАҒЫ САЯБАҚ

КҮННЕН - КҮНГЕ КӨРКЕЙІП КЕЛЕДІ

Осыдан жиырма бір жыл бұрын Байзақ ауданының кіреберісіндегі көшенің оң жақ бетіне орын тепкен саябаққа аудандық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің ұсынысымен “Астананың 10 жылдығы” атауы берілген еді.
1999 жылы ашылған демалыс орны 14 гектар жерді алып жатыр. Мұнда отырғызылған 1575 түп тал-дарақтардың 735-і ясень, 540-і катальпа, 255-і айлант, 250-і ива, 45 - туя және басқа да жеміс ағаштары ауыл келбетіне ерекше сәндік сыйлай түскендей.
2012 жылы саябақты абаттандыру жұмыстарына жергілікті бюджеттен 6 млн. теңге бөлініп, ішіндегі 1000 шаршы метр жүргінші жолы кеспе тастармен өріліпті. 2013 жылы 6 млн. 800 мың теңгеге балалардың ойын алаңы, 2014 жылы 8 млн. теңгеге амфитеатр, колоннада орнатылған екен. Жайлы орындықтар, аспалы шамдар, самал желмен тербелген тал-дарақтар тұрғындарға қуаныш сыйлауда.  Әсіресе, сәулетші Айдархан Сиқаев мүсіндеген ”Қозы Көрпеш - Баян сұлудың” ескерткіші саябақтың салтанатын асырып тұр.
“Құр қалма Құдай берген шапағаттан,
Арайлап ғашықтарға атады ақ таң.
Әлемді ұстап тұрған сүю ғана,
Дүние  жаратылған махаббаттан!” Белгілі   ақын Қайыпназар Шотбасовтың бір ауыз жыр шумағы ескерткіштің  төменгі тұсына қашалып жазылыпты. Кіршіксіз сезімді ақыннан артық кім айта білген десеңізші?
Аудан орталығы - Сарыкемер ауылының шырайын келтірген саябақтың сәнін кіргізу бағытындағы жұмыстар көңіл қуантады.  Жыл сайын жергілікті бюджеттен  бөлінген қаражатқа ауқымды тірліктер атқарылып жатқаны бірден байқалады.
Жасыл желекке оранған “Астананың 10 жылдығы” дендросаябағы алыстан қол бұлғап шақырады Саябақтың кіреберісіндегі “Love Сарыкемер!“ тұрғындар мен қонақтардың суретке түсетін  сүйікті орнына айналған.

Мейрамкүл Дүйсенова,
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дің 2-курс студенті.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін941
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада6958
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда32525
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2203255

Серіктестер