Онлайн газет



ЖОЛ САПАСЫ - БАСТЫ НАЗАРДА

Халық шаруашылығы жүктері мен жолаушылар тасымалында автомобиль жолдарының сапалы болуы маңызды рөл атқарады. Бұл біріншіден ысырапқа жол бермейді, екіншіден - көліктердің техникалық ақаулары аз болуына тигізетін  әсері зор. Сондықтан, жыл сайын аудан аумағындағы автомобиль жолдарын жаңғырту, орта және ағымдағы жөндеуден өткізу - басты міндеттердің қатарына жатады.

Жалпы аудан бойынша республикалық - 56, облыстық - 134,75, аудандық мәндегі - 132,07 шақырым автомобиль жолы, он сегіз ауылдық округке қарасты 43 елді мекенде ұзындығы - 421, 1 шақырымдық 434 көше бар. Облыстық маңызы бар “Тараз-Сарыкемер-Түймекент-Ақшолақ” автожолының 3,4-14,4 шақырым аралығын,  “Тараз-Жетібай-Тегістік-Ойық” автомобиль жолының 1,7-7 шақырым аралығын қайта жаңғырту жұмыстары жоспарланған болатын. 2019 жылы облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен мердігер мекеме «КазакДорСтрой» ЖШС арасында 1-ші нысан бойынша 2 159,4 млн. теңгеге, 2-ші нысан бойынша 698,887 млн. теңгеге келісім-шарт жасалып, қайта-жаңғырту жұмыстары 2019 жылы басталған. Жобаны іске асыру 2019-2020 жылдарға жоспарланған.
Сондай-ақ, өткен жылы 315,1 млн. теңгеге аудандық мәндегі 23,5 шақырым жолға орта және ағымдағы жөндеу жүргізіліп, 15,9 шақырымы жақсы жағдайға жеткізілді. Мұнымен бірге 57,88 шақырым жол бойындағы ойықтарға 2150 шаршы метр жамау  салынып, тегістелді. Елді мекендер көшелерінің 219,8 шақырымы жақсы және қанағаттанарлық жағдайға жеткізілді. Осындай жұмыстардың арқасында 2019 жылы ауылдық округтердегі елді мекен көшелерінің автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайы 52,3 пайызды құраса, аталған жұмыстар нәтижесінде бұл көрсеткіш 88,4 пайызды құрайды.
Аудандық мәндегі жолдар бойындағы көпірлер мен темір бетон құбырлары орта жөндеуден өткізуге жұмсалған қаржы 31,1 млн. теңге. Ауданның 6 елді мекенінде тағы 4,5 шақырым көше жөндеуден өткізілгенін де айта кеткен абзал.
Өткен жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша Сарыкемерде 5 көшеге орташа, 5-еуіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Соңғысында 43264,5 шаршы метр жол ойықтары жамалып, тегістелді. Екі елді мекенде 3,1 шақырымға шағалтас төселінді.


2020 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында ауданда автомобиль жолдарын  жөндеуге республикалық бюджеттен 1 млд. 573 млн. 314 мың теңге бөлініп отыр. Оған 122 шақырым жолға орта және ағымдағы жөндеу жүргізілмек. Ал, «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде жөндеу жұмыстарына республикалық және  облыстық бюджеттерден қаралған 395 млн. 681 мың теңгеге жалпы ұзындығы 27,5 шақырым жол жөнделмек. Сол сияқты облыстық және аудандық бюджеттен 50/50 паритеті бойынша бөлінген 129,3 млн. теңге 4 елді мекеннің 8,4 шақырым  жолына  жұмсалатын болады.
Қосымша «Аумақтарды дамыту жоспары» бағдарламасы аясында 4 жоба арқылы аудандық маңызы бар 8,4  шақырым жол жөнделуде. Нәтижесінде қанағаттанарлық жағдайы 87,7 пайыздан 92 пайызға артады.
Үстіміздегі жылы жөндеу жұмыстары әлемдік індетке байланысты кешеуілдеп, нақты айтқанда,  9 сәуірде басталған еді. Негізгі мердігер «Рауан» ЖШС-і жұмыс қарқынын еселей отырып, жыл соңына дейін аудандық маңыздағы жолдардың 92 пайызына дейін жақсы және қанағаттанарлық жағдайға жеткізсе, елді мекен көшелерінің жақсы және қанағаттанарлық жағдайын 88,4 пайызға жеткізуді көздеп отыр. Жүктелген міндеттерді мінсіз атқару - бірінші кезектегі іс. Уақыт үнемдеу үшін асығыстыққа жол берілмейді. Атқарылған жұмыстың мемлекеттік стандартқа сай сапалы болуы басты назарда. Ол тиісті органдар мен депутаттар  тарапынан қатаң бақылауда болады.
Аудан аумағындағы жолдарға жөндеу жүргізу өз кезегінде жұмыссыздықты жоюға да өзінің игі әсерін тигізгелі отыр. Нақты айтар болсақ, жергілікті тұрғындардың жұмысқа қабылдануы да қарастырылған. Ол еңбек нарығындағы күрделі мәселені шешуге елеулі оң ықпалын тигізетіндігі сөзсіз. Бұл қазіргідей қиын кезеңде адамдардың табыс табуына жол ашатын зор мүмкіндіктер. Оның сыртында әлеуметтік тұрмыстық мәселелердің шешілуі жатыр.
Қазір барлық жерде отандық өнімдерді пайдалануға мән берілген. Оның ішкі нарықтағы жағдайды жақсартуға тигізетін ықпалы жоғары. Ауданда жолға төселетін асфальт «Рауан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің зауытында шығарылады. Зауыт тәулігіне 1100 текше метр асфальт өндіру мүмкіндігі бар. Бір шақырым жолға асфальттің өзіндік құны 12 млн. теңге шамасында. Өнім өндіруде технологиялық талаптар қатаң сақталады. Сапасы арнайы лабораторияда тексеріліп, стандартқа сай болғаннан кейін ғана шығарылады.
Жоғарыда айтылған қатаң бақылаулар мен жоғары талаптар алға қойылған мақсаттарға жетуге, көзделген межені алуға көп көмегін тигізері хақ. Жұмылған жұдырықтай ұйымшылдықпен атқарылған түпкі нәтиже де табысқа бастайды. Осының бәрі теңізге тамған тамшыдай ел экономикасының дамуына үлес болып қосылмақ.

Қайрат Исмаил,
аудан әкімінің орынбасары.

Обновлено 20.05.2020 10:49
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін55
mod_vvisit_counterКеше428
mod_vvisit_counterОсы аптада483
mod_vvisit_counterӨткен аптада3865
mod_vvisit_counterОсы айда15256
mod_vvisit_counterӨткен айда21385
mod_vvisit_counterБәрі1192405

Серіктестер