Онлайн газет



ЕКІ АУЫЛҒА ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ - САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІ САЛЫНАДЫ

Бірінші байлық – денсаулық, ал сол денсаулықтың кепілі – спорт. Денешынықтыру және спорт – қазiргi өркениетiмiздiң аса маңызды бiр саласы болып табылады. Сондықтан спорттың бұқаралық сипатын дамыту - мемлекетіміздің стратегиялық басым бағыттарының бірі саналады.     
Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту, халықты дене шынықтырумен айналысуға тарту және салауатты өмір салтын насихаттау тапсырмасын орындау аясында  ауданда ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр.

2010 жылы аудандық дене шынықтыру және спорт бөліміне 6 млн. 500 мың теңге қаралса, бүгінгі күні бұл қаражат көлемі 20 млн. 600 мың теңгеге артып отыр.  
2017 жылы аудан орталығындағы №1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ғимаратына құны 1  385 442 теңге құрайтын ағымды жөндеу жұмыстары (ғимараттың шатыры мен газ кіргізу жұмыстары) жүргізілді. 2018 жылы №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің теңгеріміндегі футбол алаңын қоршау жұмыстарына 1 млн. 890 мың теңге бөлініп, игерілді.
Өткен жылы «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында Сарыкемер ауылының орталық стадионы аумағына 2 кіші футбол алаңша (құны 21 млн. 107 мың), Ж.Үшкемпіров атындағы спорт ғимараты (құны 23 076 508 теңге) күрделі жөндеуден өткерілді. Түймекент ауылындағы аула клубына қарасты футбол алаңына (құны 700 мың теңге) ағымды жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қараусыз қалған алаңның алды қоршалып, есіктер орнатылды. Алаңды қоршау жұмыстары биылғы жылы өз жалғасын табатын болады.
2019 жылы 17 спорт нысаны жаңадан (6 шағын футбол, 4 гимнастикалық, 2 волейбол, 2 баскетбол және 2 спорттық зал мен 1 жаттығу залы) пайдалануға берілді. Атап айтқанда, Қызыл жұлдыз, Жетібай, Байзақ, Дихан, Көкбастау, Сарыкемер ауылдарында жергілікті бюджет есебінен гимнастикалық алаңшалар салынды. Ботамойнақ, Ақшолақ орта мектептерінде 2 волейбол, 2 гимнастикалық және 2 баскетбол алаңшалары, Ақшолақ ауылында білім беру мекемесі типтік спорт залымен бірге пайдалануға берілді. Жеке кәсіпкерлердің демеушілігімен Бурыл ауылында шағын футбол алаңшасы, Көкөзек ауылында күрес залы мен футбол алаңшасы, Сарыкемер ауылында әмбебап ғимараттың бір қанатынан жаттығу залы бой көтерді. Үстіміздегі жылдың ақпан айында Бурыл ауылынан балалар мен жасөспірімдерді спортпен тұрақты түрде айналысу мақсатында спорт бағытындағы аула клубы ашылды. Бүгінгі күнде аула клубында 5 жаттықтырушы 3 спорт түрі  бойынша жұмыстарын бастап кетті. Аула клубы ағымдағы жылы Бурыл ауылында салынатын дене шынықтыру-сауықтыру кешені базасында жұмыс істейді деп күтілуде.


Соңғы үш жылда атқарылған нақты істер биылғы жылы да жалғасын табуда. Ағымдағы жылы өңірде спорттық инфрақұрылымдарды жаңғырту бойынша 20 жоба жүзеге асырылмақшы. Оның  17 жобасы «Жұмыспен қамту жол картасы», 3 жобасы «Ауыл –ел бесігі» арқылы  жүргізілетін болады. Бұған республикалық  қазынадан 738 млн. 302 мың теңге, облыстық бюджеттен 64 млн. 965 мың теңге қаралып отыр. Мәселен, биылғы жылы «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасымен 2 жаңа денешынықтыру- сауықтыру кешені (Бурылда құны 277 млн. теңге  және Байзақ ауылында құны 318 млн. теңге) салынады.
Айрықша атап өтетін жайт, 2017 жылы ауыл тұрғындарының асарлатып жасаған еңбектерінің нәтижесінде Сарыкемер ауылындағы орталық стадионның футбол алаңына көгалды шым төселген болатын. «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасымен бөлінген 55 млн. теңге қаражатқа биылғы жылы осы бағыттағы жұмыстар ары қарай қолға алынып, теннис корты, жаяу жүргінші жолағы салынып, мінбер ғимаратын жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Ал «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында әрқайсысының құны 9 млн. 746 мың теңге  болатын 10 типтік спорт алаңшалары (шағын футбол алаңшалары стрит воркаут алаңшасымен бірге) орнатылады.  8 спорт нысанына  (барлығының құны 65 млн. 797 мың теңге) ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделіп отыр. Сонымен қатар, аудан орталығы - Сарыкемер ауылындағы Ақәділ Суханбаев атындағы саябақта «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының демеушілігімен салынып жатқан шағын футбол және стрит воркаут алаңшасы (құны 60 млн. теңге) пайдалануға беріледі.
Аудан бойынша 2016 жылы 178 спорт нысаны жұмыс жасаған болса, ағымдағы жылдың 1 сәуіріне бұл көрсеткіш 251-ге жетті. Соңғы екі жылда қазақ күресі, тоғызқұмалақ, көкпар ойыны, асық ату, ат спорты, құсбегілік  сынды спорт түрлері дами бастады. Мұнымен қатар, өңірімізде спортпен тұрақты түрде шұғылданушылардың қатары артып келеді. Өткен жылы ауданда дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар саны 31 520 адамды құраса (жалпы халықтың 29,7 пайызы), бұл көрсеткіш осы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2120 адамға ұлғайып, 33 640 адамды құрады. Оның ішінде 14 жасқа дейінгілер 13 528 адам, 14-29 жас аралығындағы жастар 15 375-ке жетіп отыр.
Қазақ елін, соның ішінде ауданның даңқын әлемге танытқан Қазақстанның Еңбек Ері, Мәскеу олимпиадасының чемпионы Жақсылық Үшкемпіров, самбодан әлем чемпионы Алмас Мұсабеков сынды спортшылардың ізбасарлары көптеп шығуда.  Мәселен, жаттықтырушы Ильяс Жансақаловтың шәкірттері: армрестлингтен әлем чемпионатының жеңімпазы Сәнім Нышаналы, қол күресінің чемпиондары Әсел Нәрік, Айзат Саттарова, Разия Кенжебек әлемдік, халықаралық додаларда жеңіс тұғырына көтеріліп, ел абыройын еселеп келеді. Ал, республикалық спорт түрінен өткен жарыстарда 19 спортшы жүлделі орынды қанжығасына байлады.  
Жалпы, ауданда саламатты өмір салтын қалыптастыру, оған бұқара халықты тарту бағытындағы жұмыстар  жемісін беруде.

Әділхан Омаров,
аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы.

 

Обновлено 20.05.2020 10:47
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін63
mod_vvisit_counterКеше428
mod_vvisit_counterОсы аптада491
mod_vvisit_counterӨткен аптада3865
mod_vvisit_counterОсы айда15264
mod_vvisit_counterӨткен айда21385
mod_vvisit_counterБәрі1192413

Серіктестер