Онлайн газет



ҮШ ТІЛ БІЛУ - ЗАМАН ТАЛАБЫ

Қай кезеңде болмасын көп тілді меңгерген халықтар мен ұлттардың мәртебесі биік болатындығы анық. Сондықтан қазіргі қоғамда көп тілді меңгеру кез келген адамды жарқын болашаққа бастайтын жол іспеттес. Халқымыздың «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» деген аталы сөзі дəл бүгінгі дамыған дəуірімізге сəйкес айтылған секілді.

Тарихи деректерге жүгінетін болсақ, әлемде Аристотельден кейінгі екінші ұстаз аталған, ұлы ғұлама Әбу Насыр Әл-Фараби өз өмірінде 70-ке жуық ұлттың тілін жетік меңгерген екен. Қазақ халқының мақтанышы Абай Құнанбаев орысша хат танып, өзге тілді жетік меңгерсе де өз тілін аса құрметтеген. Қоғам қайраткері Мұстафа Шоқай 7 тілді еркін меңгергені белгілі болды.
Мәселен, ежелгі Мысырдың өзінде бірнеше тілді білетін мамандар иерархиялық сатымен жоғарылап, көбіне салық төлеуден босатылған көрінеді.
Қазіргі таңда әлемнің алпауыт мемлекеттері көп тілді, әсіресе халықаралық тілдерді меңгеруді маңызды міндет деп санайды. Сондықтан біз де өз халқымыздың қарыштап дамып, өркениеттен кенже қалмау үшін көп тілді меңгеруіміз қажет. Бұл заман талабынан туындап отырған қажеттілік. «Үштұғырлы тіл» туралы идеяны Елбасы 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XII сессиясында жария етті.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2007 жылғы “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты халыққа Жолдауында «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын жүзеге асыруды ұсына отырып: «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс.  Бұлар:  қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі»,-деген болатын.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан–2050” стратегиясында еліміздің әлемдік интеграцияға кірігуі үшін көптілділікті дамыту міндеті қойылды.
Тіл - біздің түп-тамырымыз, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші, ғасырлар бойы сақтаушы асыл қазына. Адам баласының рухани байлығы, тəрбиесі, білімі - бəрі де тіл арқылы жетіледі. Тіл үйрену арқылы адам жаңа бір әлемнің  есігін ашып, ақпараттық, мәдени және экономикалық кеңістігі  кеңейіп, таным-түйсігі арта түседі.
Көптілді білім-көп мəдениетті тұлғаны қалыптастыруға жол ашады. Сондықтан бүгінгі таңда елімізде «Үш тұғырлылық» жобасы аясында қазақ, орыс жəне ағылшын тілдерін үйренуге барынша жағдайлар жасалуда.   
Тілдердің үш тұғырлылығы идеясына  байланысты Елбасы “Қазақ тілі мемлекеттік дәрежесінде мемлекет өмірінің бар саласында «бүкіл қоғамымызды біріктіруші» қызметін атқарса, орыс тілі ұлт өкілдері арасындағы қарым-қатынастарға қызмет етеді, ал ағылшын тілі әлемдік экономикаға, әлемдік қауымдастыққа кірігуімізге қызмет етеді” деген болатын.
«Әр елдің тілін, өнерін білген кісі өзгемен бірдейлік деңгейде сұхбаттаса алады» депті Абай атамыз. Ал үш тіл білу-мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлғааралық және мәдениаралық қарым-қатынастардың аса маңызды құралы болып табылады.
Тіл-мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы. Тіл- тәуелсіздіктің қуатты құралы, асыл ой мен парасат белгісі. Өйткені тіл-адам мен адамды, ұлт пен ұлтты жақындастырып, табыстыратын құрал. Сондықтан біз оны халықтар арасында достықтың бастауы, ынтымақ мен береке-бірліктің тірегі ретінде қадір тұтамыз.
Жалпы тіл арқылы өнер-білім, мәдениет, қоғам дамиды. Халық өзінің ғасырлар бойы жасаған асыл мұраларын ұрпақтан - ұрпаққа алдымен ана тілі арқылы табыс етеді. Ендеше, ана тіліміздің ұлттық құндылығын сақтай отырып, көптілді меңгерудің мүмкіндігі мол екендігін ұмытпайық.

Асылай Жандосқызы,
аудандық  «Тілдерді оқыту орталығының» меңгерушісі.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1369
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада7386
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда32953
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2203683

Серіктестер