Онлайн газет



КӨКТЕМНІҢ БІР КҮНІ – ЖЫЛҒА АЗЫҚ

«Көктемнің бір күні – жылға азық», - деген байзақтық диқандар күн көзі  жылып, жер сызы кетісімен, дала төсінде егіс жұмыстарына қызу кірісіп кетті. Қазіргі таңда, аудан шаруалары егістік жерлерді тазалау, жер жырту, тұқым себу, көшеттер отырғызу жұмыстарын жүргізуде.

Ағымдағы жылы аудандағы шаруашылықтардың ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалпы егістік жердің көлемі 55 514 гектарды құраса, оның 26 511 га суармалы, 29 003 га тәлімі болып саналады.
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында, 2020 жылдың өнімі үшін дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды 16 716 гектарға (күздік бидай 5 807 га, жаздық арпа 8 359 га, дәндік жүгері 2 500 га, дәнді бұршақ 50 га), мақсарыны 2 890 гектарға, қант қызылшасын 1 320 гектарға, картопты 474 гектарға,  көкөністерді  6 819 гектарға, бақшаны 2 300 гектарға және мал азықтық дақылдарды 24 420 гектарға (оның ішінде, ағымдағы жылы егілетін көпжылдық шөп 5 100 га), яғни, жалпы ауыл шаруашылығы дақылдарын 54 939 гектар алқапқа орналастыру жоспарланған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1 394 гектарға  артық.
Бүгінгі күнге 7 987 га жер жыртылып, 29 152 га жер дақылдар егуге дайындалса, 10 249 га жаздық арпа, 1 000 га мақсары, 5 110 га көп жылдық шөп, 6 500 га көкөністер, 2 385 га бақша дақылдары, 474 га картоп, 1 321 га қант қызылшасы және 2 530 га жүгері дақылдары себілді. 6 500 гектар алқапқа отырғызылған көкөністердің басым бөлігі, яғни 4 300 гектарға пияз егілуде. Көктемгі дала жұмыстары жалғасып, көшетпен қызанақ, тәтті бұрыш, баялды дақылдары отырғызылуда.
Аудан бойынша қант қызылшасын себу жұмыстары толық аяқталып, 47 шаруашылық жылпы 1 321 гектар (2019 жылы 1 207 га болған) алқапқа екті. Биылғы жылы аудан шаруашылықтары бірінші рет егілген қант қызылшасы тұқымдарын “Тараз” әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы” АҚ-ы арқылы Түркия мемлекетінен алуға қол жеткізді. Түркиядан келген бұл тұқымдардың барлығы бірінші ұрпақты будандар болып табылады.
Көктемгі дала жұмыстарын мерзімінде жүргізудің басты шарты техникалардың дайындығы екені белгілі. Бұл ретте диқандардың құрал - саймандары сақадай сай. Осы бағытта аудан бойынша шаруашылықтар бірқатар жұмыстар атқаруда.
Мысалы, Дихан ауылдық округіне қарасты «Жеті-төбе» ауыл шаруашылығы кооперативі өткен жылдың қазан айында «Тараз ӘКК» АҚ-нан лизингке жалпы сомасы 34,3 миллион теңгені құрайтын қант қызылшасын егетін, егілген алқапты өңдейтін техникалармен қоса қант қызылшасын жинайтын ( 6 дана) комплекс сатып алған болатын. Жеті жыл мерзімге жылына 5,3 пайыздық мөлшерлемемен берілген техникалар аталмыш кооперативтің жұмысының жандануына өз септігін тигізуде. Бүгінгі күнге кооператив мүшелері бірлесіп, 136 гектар алқапқа қант қызылшасын егіп, күтіп - баптауда. Сонымен қатар, ағымдағы жылы Жаңатұрмыс ауылдық округіне қарасты «Аспан Агро» шаруа қожалығы Түркия мемлекетінен нақты қаражатқа жалпы құны 30 миллион теңге тұратын қант қызылшасына арналған жаңа 8 дана ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алды.
Бұған қоса, аудандағы көктемгі егіс дала жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жанар-жағар май мәселесі шешімін тапқан. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді операторлармен қамтамасыз ету мақсатында 2 390 тонна шамасында жанар - жағар май бөлінді. Нәтижесінде бөлінген кепілді дизель отыны үстіміздегі жылғы наурыз айына 390 тонна, сәуір айына 650 тонна, мамыр айына 780 тонна және маусым айына 570 тонна көлемінде белгіленді. Ауданға бекітілген дизель отынынын таратушы операторлар «Тараз VIP сервис» және «Азия Нефтепродукт» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері наурыз айында дизель отынын шаруашылықтарға әр литрін 175 теңгеден сатса, сәуір айында бөлінген дизель отынын шаруашылықтарға әр литрін 158 теңге сатуда. Бұл баға шаруашылықтарға көктемгі дала жұмыстарын атқару үшін өте тиімді болып отыр. Сондықтан аудан шаруашылықтары кепілді дизель отынын алу үшін тікелей аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөліміне хабарласуларына болады.
Шаруашылықтарға көктемгі дала жұмыстарын атқару үшін 1 жыл мерзімге алты пайыздық мөлшерлемемен несие беру жұмыстары да атқарылуда. Көктемгі дала жұмыстарына несие алу үшін аудан бойынша 7 шаруашылық жалпы сомасы 44 миллион теңгеге өтінім тапсырып, несиелерін алуда. Атап айтқанда, «Ауыл шаруашылығын Қаржылай қолдау қоры» АҚ-ы арқылы үш шаруа қожалық 16 миллион теңгеге несиелендірілсе, “Аграрлық несиелік корпорациясыны” АҚ-ы арқылы тағы да үш шаруа қожалық несие алу үшін 19 миллион теңгеге өтінім тапсырса, екі шаруа қожалық  әрбірі 9 миллион теңгеден және “Құлан дән” несие серіктестігі арқылы бір шаруа қожалық 9 миллион теңге несиеге қол жеткізді.
Бүгінгі таңда, “Аграрлық несиелік корпорациясы” АҚ-ы арқылы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша несиелендіру жұмыстары да жүргізіліп отыр. Аталған бағдарлама бойынша шаруашылықтарға көктемгі дала жұмыстарына 6 пайызбен бір жыл мерзімге, ал, ауыл шаруашылығы техникасын немесе ауыл шаруашылығы құрал-жабдықтарын алатын болса, 5 пайызбен 10 жыл мерзімге дейін несиелендіріледі.
Бұдан басқа, «Ауыл шаруашылығын Қаржылай қолдау қоры» АҚ-да «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы арқылы егін және мал шаруашылғына, ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және өңдеуге несиелендіру жұмыстары жүргізілуде. Осы аталған несиелендіру бағдарламасы бойынша ауданның шаруашылықтары аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөліміне хабарласып, толық мәліметтер алып, несие алу үшін құжаттарын дайындап, өткізулеріне болады.

Болат САҒЫНБЕКОВ,
аудан әкімінің орынбасары.

Обновлено 18.05.2020 10:19
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін45
mod_vvisit_counterКеше428
mod_vvisit_counterОсы аптада473
mod_vvisit_counterӨткен аптада3865
mod_vvisit_counterОсы айда15246
mod_vvisit_counterӨткен айда21385
mod_vvisit_counterБәрі1192395

Серіктестер