Онлайн газет



ЖЫЛ САЙЫН - БІР МЕКТЕП

Бүгінгі таңда адами капиталды дамыту,  бәсекеге қабілетті  болашақ ұрпақ тәрбиелеу, талапқа сай білім беру – мемлекетіміздің басты ұстанымдарының бірі саналады. Сапалы білім – мемлекеттің жан-жақты дамуын анықтайтын көрсеткіш әрі экономикалық дамудың кепілі. Осы мақсатты іске асыруда ауданымызда білім саласын  қаржыландыру көлемі жылдан-жылға  артып келеді. 2019 жылы білім саласына 10,5 млрд. теңге,  2020 жылы осы мақсатқа 15,0 млрд. теңге бөлінді. 2005 жылды биылғы жылмен салыстырғанда 2,9 есеге, былтырғы жылмен салыстырғанда қаралған қаржы 42,9 пайызға артқан.

Биылғы жылы өңірімізде іске асырылатын 173 жобаның 15-і аудандық білім бөліміне бағытталған. Осы жобалардың алтауы «Жұмыспен қамту жол картасы» бойынша, төрт жоба «Ауыл  - ел бесігі»  аясында, ал  бес жоба «Аумақты дамыту» бағдарламасы арқылы жүргізіліп, оған  жалпы құны 2 млрд. 690 млн. 312 мың теңге республикалық және облыстық бюджеттен бөлініп отыр.
Атап өтетін бір жайт, жоғарыда аталған жобалар аясында биылғы жылы 9 мектеп және бір балабақша күрделі және ағымды жөндеуден өтеді. Мәселен, «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде төрт мектепке 369,9 млн. теңге (республикалық бюджеттен 332,9 мың, облыстық бюджеттен 37,0 млн. теңге) қарастырылып, Н.Киікбаев, №1, С.Абланов, Қосақ мектептеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Көп жылдан бері шешімін таппай келе жатқан  Қостөбе ауылындағы Қостөбе орта мектебіне қосымша ғимарат (спорт және мәжіліс залы, асхана, 3 оқу бөлмелері) құрылысын салу жұмыстарын мердігер «Тараз-Ирригация» ЖШС-і жүргізуде. Үстіміздегі жылдың маусым айында ғимарат іске қосылады деп күтілуде.
Сондай-ақ, үш ауысымда оқитын Бурыл ауылындағы Бурыл орта мектебінің мәселесі де оң шешімін тауып, 300 орындық мектептің іргетасы қаланып, құрылыс қарқынды жүруде. Биылғы жылдың наурыз айынан басталған мектеп құрылысы 2021 жылы аяқталып, пайдалануға берілетін болады.
2015 жылы 145,5 млн. теңгеге 1 мектеп (Берікқара орта мектебі), 2019 жылы 1 балабақша («Теремок») күрделі жөндеуден өткен болатын. 2020 жылы облыстық бюджеттен 443,4 млн. теңге қаржы қарастырылып, қазіргі таңда Абай орта мектебі мен Түймекент ауылындағы «Қарлығаш» балабақшасына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, 2015 жылы «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бойынша «Қалаларды және  ауылдық елді мекендерді дамыту шеңберінде объектілерді жөндеу» бағдарламасымен  1 балабақша, 4 мектеп ағымдағы жөндеуден өткен болатын. Ағымдағы жылы облыстық бюджеттің ішкі көздерінің (ДКЗ) қаражаты есебінен 790,8 млн. теңге қаралып, Гоголь, Ш.Уәлиханов, Түймекент, Бурыл мектептері күрделі жөндеуден өтетін болды. Қостөбе мектебінің ғимаратын жөндеуге 52 млн. теңге бөлінді. 35  мектептің ішкі әжетханасына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жалпы 128 млн. теңге қарастырылып, бүгінгі таңда жұмыс басталып кетті. Оның 54 млн. теңгесі «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» арқылы, 74 млн. теңгесі жергілікті бюджеттен бөлінді.
Білім ошақтарын табиғи газбен қамтамасыз ету  мәселесі де шешімін тауып келеді. 2018 жылы Жамбыл, М.Мәметова атындағы және №2 орта мектеп, «Нұр-ай» шағын  орталығы көгілдір отынмен қамтылды. Өткен жылы А.Пушкин, Аққия мектептері мен «Саялы», «Ерасыл» бөбекжай-бақшаларының қазандықтары газға көшіріліп, Абай орта мектебіне модульдік қазандық орнатылды. 2020 жылы Ақбозов, №5 орта, Сарыбарақ негізгі  мектептеріне және «Балдырған» бөбекжай бақшасына модульдік қазандық орнатуға 95,4 млн. теңге қарастырылып, жылу қазандықтары қауіпсіз аймаққа шығарылатын болады.
Қазіргі уақытта компьютерлік және ақпараттық сауаттылықты арттыру - білім беруді дамытудың басым бағыттарының бірі саналады. Оқу-тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығы мен талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылықпен еңбек етуге жол салады. Осы орайда, мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту үшін 2018 жылы 46 млн. теңгеге 14 робототехника кабинеті, ал 2019 жылы 24,6 млн. теңгеге 8 кабинет сатып алынды. Биылғы жылы 9  кабинетке 32, 1 млн. теңге қарастырылып отыр. Кең жолақты интернетті қамтамасыз етуге жергілікті қазынадан 65 млн. 521 мың теңге бөлінді.
2019 жылы Ғ.Мұратбаев атындағы гимназиясы мен С.Абланов, Ғ.Байтасов, Ә.Жанқұлиев атындағы орта мектептері жаңа модификациялық кабинеттермен (физика-1 дана, биология-1 дана, химия-2 дана орта мектебіне) жабдықталған еді. Үстіміздегі жылы 2 физика, 2 химия, 2 биология кабинеттеріне құрал-жабдық, 100 дана оқушы компьютері, 200 дана планшет сатып алуға 68,9 млн. теңге қаралды. Білім ошақтарын спорттық құрал-жабдықтармен жарақтандыруға 2019 жылы 3,0 млн. теңге, 2020 жылы 17,0 млн. теңге бөлінді. Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті коммуналдық мемлекеттік мекемесіне мүгедек балаларды тасымалдауға арнайы автокөлік сатып алуға 6,0 млн. теңге қарастырылды.
Жыл өткен сайын оқушылар саны да артып келеді. Мысалы, 2018 жылмен салыстырғанда 2019 жылы оқушы саны 889-ға артса, 2020 жылы оқушы саны 900-ды құрайды деп күтілуде. Сондықтан мектеп желісін ұлғайту бағытында 2018 жылы 300 орындық №4 мектеп лицей, 2019 жылы Ақшолақ елді мекенінде 120 орындық заманауи білім ордасы пайдалануға берілді.
Маңызды ақпарат: Ауданымызда халық санының өсуі мектеп  санын арттыруды қажет етуде. Осыған сәйкес 2021 жылы Бурыл ауылында 300 орындық мектеп құрылысы аяқталып, оқушыларға есігін ашатын болады. 2022 жылы Шахан және Сеңкібай ауылдарынан 100 орындық, 2022 жылы Көктал ауылында 600 орындық, 2023 жылы Сарыкемер ауылынан 600 орындық мектептерді салу жоспарлануда.

Дәуір Дәулетов,
аудан әкімінің орынбасары.

Обновлено 18.05.2020 10:16
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін35
mod_vvisit_counterКеше428
mod_vvisit_counterОсы аптада463
mod_vvisit_counterӨткен аптада3865
mod_vvisit_counterОсы айда15236
mod_vvisit_counterӨткен айда21385
mod_vvisit_counterБәрі1192385

Серіктестер