Онлайн газет



АУЫЗ СУ ТАЗАЛЫҒЫ - ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ

«Су - тіршілік көзі, жердің нәрі», – деп дана халқымыз текке айтпаған. Халықтың денсаулығы ең бірінші ауыз суға байланысты болса, ал, ауыл халқының әл-ауқаты, тұрмыс-тіршілігі өсірген егіні мен алған өніміне байланысты екендігі айтпаса да түсінікті.
«Таза ауыз су - адам денсаулығының кепілі». Үкімет соңғы жылдары халықтың әл-ауқатын, білімі мен денсаулық жағдайын жақсартуға бағытталған бірқатар мақсатты бағдарламаларды қабылдап, жүзеге асырып келеді. Соның ең өзектісі - ауыз су мәселесі болып табылады.

Байзақ ауданындағы 43 елді мекеннің жиырмасы ауыз сумен қамтылып, елді мекен бойынша 46,5 пайызды, жергілікті халық  санымен 47 904 адам немесе 44,6 пайызды құрап отыр. Осы таза ауыз сумен қамтамасыз етілген он жеті елді мекенге «Байзақ су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, үш елді мекенге (Ақшолақ, Үшбұлақ, Талас стансаларына) «Теміржол су» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қызмет көрсетеді.
Ауданда осы жылы су қабылдау құрылыстарын мен су  құбыры желілерін салу бағытында 8 жоба қолға алынды. Аталмыш құрылыстарға жалпы 4 млрд. 727 млн. 267 мың теңге қаржы қаралып, құрылыс барысында 380 жергілікті тұрғын жұмыспен қамтылатын болады. Оған қоса, Мәдімар ауылындағы «Қ. Нұранова» көшесін сумен жабдықтау бойынша ағымдағы жұмыстарға республикалық бюджеттен 5 млн. 210 мың теңге, Дихан ауылының сумен жабдықтау желісі  мен құдықтарын ағымдағы жөндеуге 18 млн. теңге бөлінді. Бұл жұмыстар «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.
Бүгінгі таңда, аудан аумағындағы елді мекендерге су желілерін тартып, тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтуға бағытталған шаралар қарқынды түрде  жүргізілуде. Бұл сөзімізге аудан аумағында атқарылып жатқан шаруалар дәлел бола алады. Атап айтар болсақ, өткен жылдан аудан орталығы  Сарыкемер ауылы мен Талас ауылында ауыз су құбырларын жүргізу жұмыстары басталған болатын. Талас ауылындағы сумен жабдықтау желілерінің су қабылдайтын құрылыстарын салу жұмыстарына жалпы 638 миллион 439 мың теңге қарастырылып, (2019 жылға – 233 млн. 015 мың теңге, 2020 жылға – 405 млн. 424 мың теңге), ондағы құрылыс - монтаж жұмыстары ағымдағы жылы аяқталады. Ал, Сарыкемер ауылына жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары ауқымды болғандықтан келер 2021 жылға аяқтау жоспарланған. Оған республикалық және облыстық бюджет есебінен 3 млрд. 402 млн. 130 мың теңге (2019 жылға - 456 млн. 815 мың 270 теңге, 2020 жылға - 1 млрд. 666 млн. 667 мың теңге, 2021 жылға - 1 млрд. 278 млн. 648 мың 768 теңге) қаржы қаралып отыр. 
Бұдан бөлек, үстіміздегі жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында аудандағы Байзақ, Қостөбе, Көктал және Сеңкібай елді мекендеріне су қабылдау құрылыстарын мен су  құбыры желілерін салу жұмыстары бастау алды. Республикалық және облыстық бюджеттен Байзақ елді мекеніне 232,2 млн. теңге, Қостөбе елді мекеніне 449,6 млн. теңге, Көктал елді мекеніне 232,8 млн. теңге, ал, Сеңкібай елді мекеніне 241,6 млн. теңге қаражат бөлінді. Бұл елді мекендердегі құрылыс - монтаж жұмыстары 2021 жылға өтпелі.
Сонымен қатар, таза ауыз сумен қамтылмаған 5 елді мекенді (Базарбай, Үлгілі, Аққия, Сарыбарақ ауылдарына жаңа құрылыс, Қызыл жұлдыз ауылына қайта жаңғырту) ауыз сумен қамту үшін қажетті қаражат қаралып, жобалық - сметалық құжаттамасын әзірлеу үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы өтуде. Сондай-ақ, «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасымен 2 елді мекенге (Жаңатұрмыс жаңа құрылыс 420,1 млн. теңге, Бурыл ауылында қайта жаңғыртуға 850,6 млн. теңге) су қабылдау құрылыстарын мен су құбыры желілерін салу құрылыс жұмыстары басталды.
Жоспарға сәйкес 2020 жылы 3 елді мекендегі (Талас, Жаңатұрмыс, Бурыл) құрылыс - монтаж жұмыстары аяқталады. Бұл көрсеткіш елді мекен санымен 51,1 пайызды құраса, халық санымен 52 154 адам немесе 48,6 пайызды құрайды. Келер 2021 жылы 5 елді мекен (Сарыкемер, Байзақ, Қостөбе, Көктал, Сеңкібай) таза ауыз сумен қамтылады деп жоспарлануда. Көкбастау ауылын таза ауыз сумен қамту бағытында жобалық - сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынып, бюджеттік өтінім жолданды.
Аудан аумағында орналасқан халық саны жағынан аз қоныстанған 4 елді мекенге (Төрекелді, Қайнар, Төрткөл, Жаңасаз) облыс әкімдігінің тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан орталықтандырылған модульді су құдығын орнату жұмыстары жоспарда бар.
Жаңатұрмыс ауылдық округіне қарасты Ақшолақ елді мекенінде бүгінгі күнге таза ауыз суға қосылмаған 70 ауланың тұрғындары 65 000 теңгеден өз қаражаттары есебінен су жинау имаратына қосылу жұмыстарын жүргізуде. Осындай ауқымды жұмыстардың нәтижесінде 2024 жылы аудан аумағындағы 43 елді мекеннің тұрғындарын таза ауыз сумен толықтай қамтамасыз ету көзделуде.
Сонымен қатар, «Байзақ су» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының суды таратушы желілер арқылы қызметтерінің тарифтеріне де тоқтала кетсек. Кәсіпорынның қызмет тарифі 1 м3 судың бағасы жеке тұлғаға қосымша құн салығы  нсыз 79,13 теңге, заңды тұлғаға  қосымша құн салығынсыз 153,64 теңге болса, «Теміржол су»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызмет тарифі 1 м3 судың бағасы жеке тұлғаға қосымша құн салығынсыз 28,48 теңге, заңды тұлғаға қосымша құн салығынсыз 375 теңге болып бекітілген.
Су – тіршілік көзі. Ол халықтың әл-ауқатымен, денсаулығымен, өмірімен байланысты болғандықтан, бұл мәселеге жете мән беру қашанда өзекті мәселе. Қазіргі таңда өңірде геологиялық су қорын анықтауға байланысты шаралар, ауыз суды барлық үйге жеткізу мәселесі, су жеткізілген барлық үйлерге су есептегіш құрылғыларды орнату жайы, су шаруашылығы мамандарының көмегімен өңірдегі жерасты тұщы су қорының мөлшерін анықтау бойынша нәтиже берерліктей жұмыстар орындалуда. Сондай-ақ, ауыз су тазалығын назарда ұстау да басты мәселелердің бірі болып табылады. Бұл орайда, ауыз судың санитарлық талаптарға сәйкестігін Байзақ аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы қамтамасыз етуде.Мамандар елді мекендерде су сынамаларын алып, зертханада сараптама жүргізіп отыру үшін бақылау нүктелері таңдалып, бекітілген, тұрақты мониторинг жүргізіліп келеді. Соның нәтижесінде бүгінгі таңда ауыз сумен байланысты таралған аурулар тіркелмеген. Жаңадан құбыр тартылған аймақтарда тұрғындардың әлеуметтік - тұрмыстық жағдайымен қатар денсаулықтарының да жақсара түскені байқалуда.
Халық үшін сапалы ауыз суға қолжетімділіктің маңызы өте зор. Осыны сезінген Үкімет ел тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсартуға бар күшін салып отыр. Сондықтан да әлеуметтік маңызы жоғары, сапалы таза ауыз сумен ауыл халқы толығымен қамтамасыз етілетін күн де алыс емес.

Рашид ҚОЙЛЫБАЕВ,
аудан әкімдігі тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы.

Обновлено 18.05.2020 10:15
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін28
mod_vvisit_counterКеше428
mod_vvisit_counterОсы аптада456
mod_vvisit_counterӨткен аптада3865
mod_vvisit_counterОсы айда15229
mod_vvisit_counterӨткен айда21385
mod_vvisit_counterБәрі1192378

Серіктестер