Онлайн газет



ЖОБА – АУҚЫМДЫ, ЖҰМЫС – ҚАРҚЫНДЫ

Үстіміздегі жылы мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясында өңірімізде іске асырылу тиіс базалық жобалар ауқымды. Жалпы, облыс көлемінде құрылыс пен күрделі, орта және ағымды жөндеу жұмыстары бойынша 1 335 жоба жүзеге асырылмақ. Соның ішінде, 173 жоба Байзақ ауданының үлесіне тиіп отыр.

Аталмыш бағдарламалар ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсарту, ауылдық аумақтардың әлеуметтік ортасын жаңғырту, оларды өңірлік стандартқа дейін жеткізу мақсатын көздейтіні анық. Осы тұрғыда аудан басшылығы мен аудан әкімдігіне қарасты мекеме, бөлімдер және жергілікті ауылдық округ әкімшіліктерінің мемлекеттік және салалық бағдарламалар бойынша атқарған тынымсыз еңбектерінің нәтижесінде облыс аудандары арасында қомақты қаржыға қол жеткізілді. Республикалық және облыстық бюджет есебінен бөлінген қаражаттың 36,7 пайызы облыс орталығы Тараз қаласына тиесілі болса, 14 пайызы Қордай ауданына, ал, 9,5 пайызы Байзақ ауданына берілген.
2020 жылы Байзақ ауданы бойынша жоспарланған 173 жобаның 30 жобасы құрылысқа, 14 жоба күрделі жөндеуге, 83 жоба ағымдағы жөндеуге, ал, 46 жоба орта жөндеу жұмыстарын жүргізуге бағытталған. Осы ауқымды жобаларға жалпы құны 12 миллиард 650 миллион 682 мың теңге бөлінген. Оның ішінде, алты жобаға «Өңірлерді дамыту» бағдарламасына сәйкес 3 млрд. 340 млн. 289 мың теңге, «Жұмыспен қамту жол картасы» бойынша 135 жобаға 6 млрд. 268 млн. 008 мың теңге, «Ауыл  - ел бесігі» жобасы негізінде 21 жобаға 1 млрд. 741 млн. 706 мың теңге, «Аумақты дамыту» бағдарламасы аясында 11 жобаға 1 млрд. 600 млн. 679 мың теңге қарастырылған. Осындай ауқымды жұмыстар нәтижесінде 2 990 жұмыс орны ашылып, 1 074 адам халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмыспен қамтамасыз етіледі деп күтілуде.
Ендігі кезекте, осы 173 жобаның әрбіріне жекелей тоқталып өтсек. Аудандағы білім беру саласы бойынша 15 жобаны жүзеге асыру көзделуде. Осы жобалардың алтауы«Жұмыспен қамту жол картасы» бойынша, бес жоба  «Ауыл  - ел бесігі» жобасы және төрт жоба «Аумақты дамыту» бағдарламасы арқылы жүргізіліп, оған жалпы құны 2 млрд. 690 млн. 312 мың теңге республикалық және облыстық бюджеттен бөлініп отыр.
Денсаулық сақтау саласына қатысты қаралған үш жобаның екеуі «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында жүзеге асырылып, оған республикалық бюджеттен 85 млн. 067 мың теңге,  «Аумақты дамыту» бағдарламасы арқылы Сарыкемер ауылындағы 250 орындық емхана құрылысының жобалық сметалық құжаттамасын дайындауға облыстық бюджеттен 18 млн. 354 мың теңге қаражат бөлініп отыр.
Спорт саласы да назардан тыс қалмай, осы бағытта 20 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Ол бойынша республикалық бюджеттен 738 млн. 302 мың теңге, облыстық бюджеттен 64 млн. 965 мың теңге қаралды.
Оның 17 жобасы «Жұмыспен қамту жол картасы», ал, 3 жобасы «Ауыл  - ел бесігі» арқылы жүргізілмек. Сонымен қатар, мәдениет саласына тиесілі үш жоба да республикалық бюджеттен қаржыландырылып, оған 355 млн. 721 мың теңге бөлінді.
Бұдан бөлек «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында бөлінген 570 млн. 538 мың теңге қаражат инженерлік және коммуникациялық инфрақұрылымға жұмсалып, екі жүзден астам адамды жұмыспен қамту жоспарлануда.
Ауданда осы жылы су қабылдау құрылыстарын мен су  құбыры желілерін салу бағытында 10 жоба қолға алынды.
Аталмыш құрылыстарға республикадан 4 млрд. 289 млн. 898 мың теңге, облыстан 374 млн. 029 мың теңге қаржы қаралып, құрылыс барысында 812 жергілікті тұрғын жұмыспен қамтылатын болады. Газдандыру бойынша «Аумақты дамыту» бағдарламасы арқылы аудандағы  газбен қамтылмаған елді мекендерге газ жеткізу мақсатында республикалық бюджет есебінен 400 млн. теңге қаржы бөлініп отыр.
Үш ауылдағы мәдениет үйлерінің жылу жүйесін жөндеуден өткізуге республикалық бюджет арқылы үш жобаға 4 млн. 437 мың теңге, электрмен жабдықтау және көшелерді жарықтандыруға 24 жобаға 273 млн. 535 мың теңге, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасымен 2 жобаға 15 млн. 364 мың теңге, бөгеттер мен каналдарға тиесілі 23 жобаға 658 млн. 277 мың теңге, аулаларды абаттандыру үшін 12 жобаға 200 млн. 549 мың теңге, көшелерді көгалдандыруға бір жобаға 15 млн. 901 мың теңге, ауыл шаруашылығы нысандарын дамытуға бір жобаға 9 млн. 620 мың теңге және басқа да салалық бағдарламаларға қатысты 10 жобаға 130 млн. 661 мың теңге бөлінген.
Сонымен бірге, көлік инфрақұрылымына басымдық беріліп, ұсынылған 46 жобаға республикалық бюджеттен 1 млрд. 927 млн. 789 мың теңге, облыстық бюджеттен 127 млн. 363 мың теңге қаражат көзделген.
Осы қомақты қаржы «Жұмыспен қамту жол картасымен» 28 жобаға,  «Ауыл  - ел бесігі» арқылы 13  жобаға, «Аумақты дамыту» бағдарламасымен 5 жобаға жұмсалады.
Қазіргі таңда, аудан аумағында аталмыш жобалар бойынша құрылыс жұмыстары қарқын алуда. Бұл мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясында қолға алынған игі істер ауданның экономикалық – әлеуметтік жағдайының жақсаруына өз септігін тигізері сөзсіз.
Нәтижесінде, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту, ауыл халқының әлеуметтік игіліктер мен мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету және жалпы жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру бойынша бірқатар міндеттердің шешімі табылатын болады.

Дулат ЖАҚЫПБЕКОВ,
аудан әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы.

Обновлено 13.05.2020 10:25
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1628
mod_vvisit_counterКеше1540
mod_vvisit_counterОсы аптада5769
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда31336
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2202066

Серіктестер