Онлайн газет



ЕР ЕЛІНІҢ ҚОРҒАНЫ

«Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар» - деген қазақ атам. Отан алдындағы борышыңды өтеу – ата-ана алдындағы үлкен парызыңды өтегенмен бірдей. Батырлар жауға елі мен жерін бермей сұрапыл соғыстарда Отанын, туған жерін жаудан жанқиярлықпен, асқан ерлікпен қорғай білді.

1991 жылы еліміз тәуелсіздігін жариялап, төрткүл әлемге танылды. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері егемен елімізбен бірге өсіп, заман талабына сай жарақтанып, бүгінде қазіргі заманның кез келген қауіп-қатеріне жауап беретін жинақы да ұтқыр армияға айналды.
Қазақстанның Қарулы Күштері – Қазақстан Республикасының әскери құрылымы әскери басқару органдарын, Қарулы Күштердің түрлерін, арнайы әскерлерді, тыл, әскери оқу орындары мен ғылыми мекемелерді қамтиды. Әрбір ер азаматтың борышы - елін, Отанын, отбасын қорғау.
Әскер жолы азаматты ержүректікке, батылдыққа және шыдамдылыққа үйретеді. Әскер жолының бірінші табалдырығы – алғашқы әскери дайындық.
Бастапқы әскери дайындық жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық, кәсіптік орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жүргізіледі.
Онда алғашқы әскери дайындықты сапалы әрі тиімді түрде жүргізудің жолдары бекітіліп, әскери қызметтің алғашқы қиындықтарын жеңуге жол ашады.
Әскер - әр жастың өмірлік мектебін, болашақтағы бағытын орнықтыратын жол. Отанды сүю, қастерлеу, құрметтеу,  ата-баба дәстүріне адалдық  таныту - ата-ағаларымыздың Отан қорғаушы ер-азаматтарға қалдырып келе жатқан үрдісі. Сондықтан айбынды да қайсар аталарымыз бен ағаларымыздың Отан алдындағы міндеттерін бізге жалғастыру парыз саналады.

Ерболат АБИЛЬДАЕВ,
аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының міндетін уақытша атқарушы, капитан.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1633
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада7650
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда33217
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2203947

Серіктестер