Онлайн газет



ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Қазақ халқында «Бірлік болмай, тірлік болмас», - деген даналық бар. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. «Береке бастауы - бірлік, ел іші - тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше екені анық.


Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату - тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды.
Бүгінгі күні, ауданда отызға тарта ұлт пен ұлыстың өкілдері бір шаңырақтың астында бірлікте ғұмыр кешіп жатыр. Аталмыш мереке қарсаңында аудан әкімдігінің бастамасымен «Bizbirgemiz» акциясы аясында, қайырымдылық іс – шарасы ұйымдастырылған болатын.
Бастамаға ұйытқы болған аудан әкімі Нұржан Нұржігітов сарыкемерлік тұрғын, жалғызілікті қарт Екатерина Степанованың отбасына арнайы барды. Нұржан Молдиярұлымен бірге аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әлия Саққұлова болды. Аудан басшысы қарт ананы Қазақстан халқы бірлігі күнімен құттықтап, саналы ғұмырын ауданның әлеуметтік дамуына арнаған еңбектері үшін ризашылығын жеткізіп, сый-сияпат тарту етті. Зейнеттік демалысқа шыққанша аудандық аурухананың перзентхана бөлімінде акушер болып еңбек еткен Екатерина Ивановна аудан басшылығына шынайы алғысын білдірді.

* * *
Аталмыш акция аясында, осы күні аудандық мәслихаттың хатшысы Нұржан Тлепов пен Бәйтерек ауылдық округінің әкімі Айдос Абдуалиев Сарыкемер ауылының тұрғыны, әлеуметтік аз қамтылған отбасындағы екінші топ санатындағы мүмкіндігі шектеулі жан Рустам Назимовты құттықтаса, аудан әкімінің орынбасары Дәуір Дәулетов пен аудан әкімдігі халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Арғынбай Сқақов сарыкемерлік тұрмысы төмен отбасы Марина Мянға азық-түлік өнімдерін апарды.
Шара барысында жалғызілікті отбасы Светлана Лиморенко, әлеуметтік аз қамтылған отбасыдан Шабир Джафаров, көп балалы, аз қамтылған отбасы Сәбит Аманбаевқа да азық-түлік өнімдері салынған қорапшалар таратылды. Оларды аудан әкімі аппаратының басшысы Бақтияр Ақбаев, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шолпан Байтақова, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Салтанат Иманова табыс етіп, бірлік күні мерекесімен құттықтады.

Мұхтар ШАЛҒЫНБАЙ.

Обновлено 04.05.2020 10:35
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін653
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада6670
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда32237
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2202967

Серіктестер