Онлайн газет



Тазалықты сақтайық, болашақты ойлайық!

Осылай деп ұрандатқан Сарыкемер ауылының жастары сәрсенбі күні А.Суханбаев атындағы орталық саябаққа жиналып, акция ұйымдастырды. Ғ.Мұратбаев мектеп-гимназиясы, Қазақстанның 40 жылдығы атындағы орта мектептің оқушыларынан құралған жас

буын алдымен кішігірім флэшмоб өткізіп, би биледі, көңілді тапқырлар клубының жігіттері езутартар көріністерін қойды. Басқосуда сөз сөйлеген Сарыкемер ауылдық округі «Жастар орталығының»  ұйымдастырушысы Ә.Құрманалиев елімізді гүлдендіруде жастарға артылып отырған міндеттер туралы айтып, тазалықты сақтау, тал бесік –табиғатқа қамқор болу әрбір азаматтың парызы екендігін жеткізді.  Өткізіліп отырған іс-шараның маңыздылығын сөз етіп, жұмыс жоспармен таныстырды. Мұнан кейін көше-көшеге бөлінген ұл-қыздар, әрбір тұрғынүй иелеріне сенбі сайын өткізілетін тазалық шараларына біркісідей қатысуға үндейтін стикерлер таратты. Тұрғындармен кездескен жастар аулаларды тазалау, көше бойындағы құрылысқа қажетті материалдарды жинау, тал-бұтақтарды кесу, арық-атыздарды тазалап, күл-қоқыстарды қажетті орындарға апарып төгу сынды мәселелерді алға тартып, өлкемізді өркендету жолында бірге жұмыс жасауға шақырды.

 

Өз тілшіміз.

Фото: А.Алдабергенов

Обновлено 05.10.2013 13:34
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін327
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада6344
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда31911
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2202641

Серіктестер