Онлайн газет



200 ОТБАСЫҒА КӨМЕК КӨРСЕТТІ

«Bizbirgemiz» республикалық қайырымдылық акциясы аясында қоғамның осал топтарына көмектер жан-жақты көрсетілуде. Осы аптаның ортасында «Danoil» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің  басқарушысы Досай Кадимұлының демеушілігімен қайырымдылық шарасы өтті.

Шара барысында аудан орталығы-Сарыкемер және 17 ауылдық  округтерде тұратын әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған 200 отбасыға бірінші кезектегі маңызы бар тауарлар, оның ішінде ұн, макарон, өсімдік майы сынды азық-түліктер жиынтығы салынған қапшықтарды жеткізіп беру қызметіне аудан еріктілері тартылды. 
Сұлушаш Бейшенқұлова, көпбалалы ана:- Төтенше жағдай кезінде  мемлекет қабылдаған шаралардан бөлек,  мәрт азаматтардың  жақсылығын көріп жатырмыз. Күтпеген жерден  кең пейіл кәсіпкердің шапағатын  сезіндік. Біз секілді көпбалалы аналарға қолдау көрсетіп, жүрегінің жылуын сезіндірген Досай Мұхиевке алғысымыз шексіз.
Гүлсара Башыгулова, серіктестіктің өкілі : - «Bizbirgemiz» республикалық акциясы аясында қайырымдылық шараларын өткізудеміз. Алдымен  серіктестіктің  100 жұмысшысына азық-түлік қапшықтары үлестірілді. Міне бүгін ауданымызға қарасты 200 адамға  азық-түлік өнімдерін таратуды ұйғардық. Қазіргідей қиын кезеңде бір-бірімізге көмектесіп, қолдаудың маңызы зор деп білеміз.
Ең бастысы - шын жүректен жасалған жақсылық, сол жақсылықтың адамдарға қуаныш сыйлауы.

Өз тілшіміз.

Обновлено 04.05.2020 10:14
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін864
mod_vvisit_counterКеше836
mod_vvisit_counterОсы аптада3156
mod_vvisit_counterӨткен аптада11734
mod_vvisit_counterОсы айда10797
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2262466

Серіктестер