Онлайн газет



ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ КҮШЕЙТЕЙІК

Әлем беймаза күй кешуде. Жұмыр жер бетінде коронавирус инфекциясына тосқауыл қою үшін  ауқымды жұмыстар атқарылуда. Ақ желеңді дәрігерлер мен медбикелер әр науқастың өмірін сақтап қалу үшін күресуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға барынша сақтық шараларын қатаң сақтау қажеттігін айтып, «Бұл-береке-бірлігіміздің сыналатын уақыты», - деп баса айтты.

Әлемді жайлаған  коронавирус  пандемиясына  қарсы шаралар барлық  елде күн санап күшейіп келеді.Қазақ жеріне де келіп жеткен індеттің таралуына жол бермеудің жолдары жан-жақты қарастырылып, нақты шаралар қолға алынуда. Қауіпті вирустан сақтанудың жолдары мен алдын алу шаралары туралы бейнероликтер мен жадынамалар таратылып, тұрғындардың қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін ескертіп жатыр. Осы тұста әр азамат жауапкершілікті сезініп, жеке гигиенаның қарапайым ережелерін ұстануы қажет деп білеміз.
Кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Еліміздің үштен бір бөлігін жастар құрайды. “Мәңгілік Ел” болуға ұмтылған жасампаз елдің жастары қиын кезеңде жұмылып, санитарлық талаптарды сақтап, көмекті қажет ететін қарияларға қол ұшын беріп жатқандығы қуантады.
“Індет, дағдарыс дегеніміз-уақытша, өтпелі құбылыс.Біздің алдымызда тұрған мақсат - мүмкіндікті барынша пайдалану, осы дағдарыстан аман-есен шығып, одан да мықты болу” деп ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, қауіпті дертпен күресте еліміздің əр тұрғыны өзінің ғана емес, басқаның да өміріне жауапты екенін түсініп, барлық шараларды бұлжытпай орындайтын болса, онда ғаламдық індетті жеңетін боламыз.

Салтанат ҚОНЫСБАЙҚЫЗЫ,
Қызыл жұлдыз ауылының тұрғыны.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1303
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада7320
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда32887
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2203617

Серіктестер