Онлайн газет



ЕБІН ТАП ТА, ЕШКІ БАҚ

«Есiң кетсе ешкi жи» дейдi атам қазақ. Шындығында да ешкi өсiмтал түлiктің түріне жатады. Жылына екi рет төлдейтін, оның үстiне егiзден лақтайтын ешкінің еті сiңiмдi әрi жеңiл, сүті емдік сусын саналады.
Отардың алдына түсіп алып, емдік шөптердi таңдап жейтін ешкі бабын тапса, байытатын түлік. Оны Байзақ ауылының тұрғыны, көп балалы ана Сәуле Жақаева да растайды. Ол асыл тұқымды швейцариялық заанен ешкісін бағып, кәсібін ширатуда. 
Сәуле балабақшада, кейіннен колхозда қарапайым жұмысшы болып еңбек еткен. Бала күтімі бойынша еңбек демалысына, одан соң бала жөнінде зейнетке шығып, үй шаруасымен айналысады. Өткен жылы аудан әкімдігі жұмыспен қамту орталығына жүгініп, кәсіпкерлік білімін жетілдіріп, 505 мың теңге мөлшеріндегі қайтарымсыз грантқа қол жеткізеді. Туған ауылындағы «Рамазан» шаруа қожалығынан төрт бас заанен ешкілерінің әр қайсысын 100 мың теңгеден және бір бас текені 105 мың теңгеге сатып алады. Бұдан бөлек, алдыңғы айларда тағайындалған атаулы әлеуметтік көмектің ақшасын жинап, 30 бас қазақы және ресейлік тұқымды ешкінің әр қайсысын 25 мың теңге көлемінде алуға қол жеткізіпті.
- Ауылда мал бағып өскен адамға ешкі өсіру қиыншылық туғызбайды. Заанен ешкілері сүттілігімен ерекшеленеді.Оның үстіне денсаулық  сақтау мамандары адам ағзасына ешкі сүтінің пайдасын жиірек айтып жатқандықтан ба, ешкі сүтіне деген сұраныс артып келеді.
Заанен ешкілері кәдімге ешкілерге қарағанда сүтті молырақ береді. Алғашында ауылда сүттің литрін 500, қалада 800 теңгеге сатудың мүмкіндігі болды.Оның үстіне ешкі сүті – көп ауруларға ем. Дүние есігін ашқан сәбилерді ешкі сүтімен қоректендіріп те жатады.
Ал, бүгінде ешкілер төлдеп жатқандықтан, оларды баптап, күтім жасау керек, - дейді кәсіпкер. - Заанен ешкілері өзге тұқымды ешкілерге қарағанда лақтарын жанына қоспайды және өздігінен емізбейді. Сол үшін, сүтін сауып алып, арнайы бөтелкелерге құйып, лақтарды бөлек-бөлек азықтандырамын. Бұл шаруаларға балаларым көмек береді. Жалпы асыл тұқымды ешкілердің басын көбейтіп, шағын бизнесті жандандырып, жетілдіру мақсатын көздеп отырмын.
Ешкінің бабын тапқандар көл-көсір табысқа кенелері анық. “Ешкі сойып жесең бір күндік, сауып ішсең мың күндік», - дейді халқымыз. Сондықтан ешкі өсіріп, өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған Сәуле Жақаева сынды кәсіпкерлер қатары көп болсын дейміз.

Гүлжан ТУРСУНХОДЖАЕВА.

Обновлено 01.04.2020 09:57
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін670
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада6687
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда32254
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2202984

Серіктестер