Онлайн газет



ДІНИ ЗАҢДЫЛЫҚТАР, САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР ЖӘНЕ ҚОҒАМ

Дін – адамдардың Жаратушыға сенім-нанымдарын білдіретін және сол Жаратушыны тануға арналған ілімдер жүйесі.
Дін мен дәстүр – бір-бірімен сабақтас ұғым.  Салт-дәстүр  - әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталған ғұрыптардың жиынтығы. Ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптарымыз  уақыт талабына сай Ислам дінімен тығыз байланысты екендігін уақыттың өзі дәлелдеп отыр.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Біз ата-бабаларымыздан қалған дәстүрлі Ислам дінін, оның ішінде Ханафи мазһабын ұстанушы халықпыз. Өзіміздің тіліміз, дініміз, мәдениетіміз, ұлттық құндылықтарымыз бен әдет-ғұрпымыз бар халықпыз. Қанша ғасырлар өтіп, қанша қоғамдық формациялар өзгерсе де, діни құндылықтар, ұлттық құндылықтар, салт-дәстүр мен әдет-ғұрып өзгермейді. Бабаларымыз ұстанған бұл жол ұлттық салт-дәстүрді, ата-анасы сыйлауға негізделген. Ендеше бүгінгі ұрпақ та әлемдегі ең ізгі дін ислам дінін қадірлей отырып, ата-дәстүрін ардақтағаны абзал», – деген болатын.
Расында да халқымыздың бойына сіңген салт-жоралғылар, халықтық ғұрыптар, діни заңдылықтар қоғаммен бірге жаңғырып отырады. Ал ұлттың құндылығы – мәңгі өзімен бірге жасасып келе жатқан тілінде, салт–дәстүрінде, ұлттық өнерінде.Сондықтан өсіп келе жатқан жастар ұлттық құндылықтарды жетік біліп, озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білсе нұр үстіне нұр болар еді.
Бүгінгі таңдағы басты мақсат-  көпұлтты еліміздегі тыныштық пен тұрақтылық, ынтымақ пен бірлікті нығайту. Ата-бабамыздан бері жалғасып келе жатқан дәстүрлі дініміз бен әдет-ғұрпымызды қадірлеп, құрметтей білу.

Гүлшахар Әбдіқұлова.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1254
mod_vvisit_counterКеше1540
mod_vvisit_counterОсы аптада5395
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда30962
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2201692

Серіктестер