Онлайн газет



ОТАНЫ БІРДІҢ - ТІЛЕГІ БІР

Халқымыздың «Ырыс алды - ынтымақ» деген қанатты сөзінің астарында үлкен мән бар. Ел бірлігі, достық пен бауырмалдық, бейбіт күннің, татулықтың темірқазығындай ең басты құндылық-бекем бірлік біздің баға жетпес байлығымыз болып табылады.

Татулығы мен бірлігі жарасқан бейбіт елімізді бүгінде төрткүл әлем таниды.Олар Қазақстанның жаһандық дәрежедегі іргелі істерді тындыра алатын, өресі биік, өнегесі мол ел екендігін мойындады. Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең жоғары байлығымыз.Тұрақтылығы сақталып,  бірлігі бекем болған елімізде барлық ұлт өкілдері өз мәдениетін дамытып, тілін өркендетіп, салт-дәстүрін сақтауға мүмкіндік алды. Халықтар достығының бесігіне айналған көпұлтты елімізде бірлік пен қоғамдық келісімнің нығаюына Қазақстан халқы Ассамблеясының қосқан үлесі зор.
Қазақ халқы өзінің көп ғасырлы тарихында барлық этностардың мәдениеті мен дәстүрін құрметтеп, тұтастық пен мемлекеттілікті нығайтуға мақсат ұстанып келеді. Осының арқасында біздің болашағымыз оның  игі бастамаларымен астасып жатыр. “Мәңгілік Ел” болу идеясының астарында да ынтымақты нығайтып, бірлігімізді сақтай отырып, биік белестерді алу мақсаты тұр.
Бүгінде ауданымызда 30-дан астам этнос өкілдері  тату-тәтті ғұмыр кешіп, ұрпақ өсіруде. Орыс,  кәріс, түрік, күрд, неміс этномәдени орталықтары жұмыс жасайды. Түрі басқа болғанымен, тілегі бір, жүзі басқа болғанымен, жүрегі бір көпұлттың өкілдерімен  түрлі іс-шараларды бірлесіп өткерудеміз. Ағымдағы жылдың бірінші наурызында аудан әкімі Нұржан Нұржігітовтың тікелей  қолдауымен “Қоғамдық келісім орталығы” ашылып, пайдалануға берілді.
Бүгінгі таңда орталықта аудандық ардагерлер кеңесі, ұлттық этномәдени орталықтар мен қоғамдық кеңес, үкіметтік емем ұйымдар бас қосып отырмыз. Басты мақсатымыз - тұрғындар тарапынан туындап отырған түйткілді мәселелерді шешуге  ықпал ету.
Қашанда жанынан арын биiк қойған халқымыз тектiлiктiң үлгiсiн көрсетiп,  төңiрегiндегi барлық ұлттар мен ұлыстарды ұйыстырып отыр. Асан қайғы өзінің бір толғауында Отанды сүюге, ізгі амал жасауға, жамандықтан сақтанып, бақытты өмір сүруге, өткінші дүниелік істерге бола ұрысып, таласпауға шақырады. Ұлы Абайдың  “Адамзаттың бәрiн сүй бауырым деп” айтқан сөзiне сүйенген халықпыз. Тарихқа жүгінсек, ықылым заманнан елшіге қиянат жасамау, түріне, нәсіліне қарамай жолаушыға жол сілтеген, тарих көшінің белгілі бір кезеңінде тағдыр тауқыметін арқалап, елімізге келіп қоныстанған ұлттар мен ұлыстарға пана болған халықпыз. Дархан даламызды  жайлаған барша ұлт өкілдері қазақ жерін «Отаным» дейді. Бiрлiктi сақтау бiзге ата-бабамыздан қалған ұлы аманат. Бiз ешкiмдi нәсiлiне, дiнi мен тiлiне және ата дәстүр-ұстанымына бөлiп жармастан, әр ұлтты шын құрметтеу арқылы бүкiл әлемге достық пен бiрлiктiң нағыз үлгiсiн көрсетiп келемiз. Сондықтан, әрбір ауданның тұрғыны қол жеткізген бар жетістіктерді бағалап, оны сақтауға міндетті деп білеміз.

Қыдырәлі Оралов,
аудандық Қоғамдық  келісім кеңесінің төрағасы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1819
mod_vvisit_counterКеше1540
mod_vvisit_counterОсы аптада5960
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда31527
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2202257

Серіктестер