Онлайн газет



Тазалық айлығы басталды

А.Шотбасова,
«Ауыл жаңалығы».

Қоғамдық орындарды абаттандыру және сыртқы безендіру жұмыстары бойынша күзгі екі айлық биыл ауданымызда 9 қыркүйектен басталғаны белгілі. Аудан әкімінің №522 қаулысына сәйкес аталмыш мерзімнен бастап тазалық айлығына

байланысты іс-шаралар жоспары бекітіліп, күзгі екі айлық жұмыстарын ұйымдастыру және орындалуын қадағалау жөнінде штаб құрылды.
Өткен жұма-сенбі күндері тазалық шарасының алғашқы апталығы ұйымдастырылды. Аудан әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бізге берген мәліметтеріне сәйкес, аудандағы 53 мекеменің 40-ы сенбілікте белсенділік танытып, 527 адам тазалау жұмыстарына жұмылдырылған. Сенбілік барысында мекемелердің жан-жағы ретке келтіріліп, көлік жолдары, көшелер, саябақтармен демалыс орындары тазартылды. Сонымен қатар, әрбір ұжым өздеріне бекітіліп берілген орындарда тазалық жұмыстарын жүргізіп, 5,85 шақырым каналмен арықтар күл-қоқыстан аршылды. Сенбілікте айналаны жасыл желекпен жайқалту ісі де қолға алынды. Бабалардан қалған «Бір тал кессең, он тал ек» деген нақыл сөзді ардақ тұтқан тұрғындар бұл күні 10 дана түрлі ағаштарды жер бетіне жайғастырып, суарып-баптады. Тазалық шарасында 13 кездейсоқ қоқыс төгетін орындар тазартылып, 31,5 тонна қалдықтар арнайы қоқыс орындарына шығарылды.
Сонымен, алғашқы сенбілік те аяқталды. Бұл күндері бірталай тірлік тындырылды дегенмен, көпшіліктің тазалыққа әлі де болса немқұрайлы қарауының салдарынан сыпырып-жиналған жерлер қайта қоқыстануда. Ендеше адам баласы табиғаттың ең ұлы перзенті болумен қатар, ең ұлы қамқоршысы екендігін ұмытпай, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға атсалысайық дегіміз келеді.

 

 

 

Обновлено 23.09.2013 16:11
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1118
mod_vvisit_counterКеше1540
mod_vvisit_counterОсы аптада5259
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда30826
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2201556

Серіктестер