Онлайн газет



Жақсы дос – сарқылмас дәулет

М.Жәмішжанов,
“Дарын” мектеп интернатының 11-сынып оқушысы.

Достық, жолдастық-адам өмірінде келелі орын алатын, бір адамның екінші бір адаммен байланысы. Достық – сан қырлы қасиет, ұлы сезім, сондықтан оны бір-екі ауыз сөзбен жеткізу мүмкін емес. Бұл сезім адамдардың бірін-бірі құрметтеуінен, медет бола білуінен, шынайы тілектес болуынан, өзіндей көріп кетуінен көрінеді. Достар арасында басқалар түсіне бермейтін, ұға бермейтін жасырын сыр, құпия сақталады, олар жан дүниесі, ой өрісі, әлеуметтік көзқарасы жағынан егіз болады.
Ата-бабамыздан келе жатқан қатаң қағида, рухани өсиет-достыққа адалдық. Достыққа адалдық туралы талай жантебірентерлік әңгіме-аңыздар, өлеңдер қаншама десеңізші! Осындай жүректен шыққан туындылармен қоректенген қазақ елінің достыққа деген көзқарасы мен түсінігі ерекше екенін атап өткім келеді.
«Сен досыңның кім екенін айт, мен сенің кім екеніңді айтып берейін», -деген екен. Яғни, жолдасы жақсы адамды жақсы деп топшылай беруімізге толық негіз бар.
Ал, достықтың сырын түсінбейтін, достық деген сөздің исі мұрнына бармайтын, қадіріне жете алмайтындар да баршылық. Сол себепті ағайындар дос таңдағанда байыпты болғандарыңыз жөн. «Көп ақшаң болғанша, көп досың болсын», -дейді халық даналығы. Дегенмен, бес саусақ бірдей емес, жаныңдағылардың барлығын шын досым деп қабылдау - әрине, мүмкін емес. Досыңның көп болғаны жақсы ғой, алайда, жан дос адамда біреу ғана. Оның жөні бөлек және сырыңды, мұңыңды соған ғана шағасың, қайғыңды да, қуанышыңды да сонымен бөлісесің, жеңіске жеткен, сенімен бірге бөркін аспанға лақтырып қуанатын да, сүрінсең қолтығыңнан демейтін де сол. Тегі кез келген екі аяқты, жұмыр басты пенденің бәрі бірдей дос бола алмаса керек. Ниеті таза, жөні түзу, жан дүниесі сау адам ғана дос болуға жарайтыны шындық.
Бүгінде, расын айту керек, достық деген ұғымға аса мән бермейтін болып бара жатқан сияқтымыз. Осыдан кейін шын досты қалай іздейміз, қалайша біз біреуге дос бола алмақпыз? Міне, бүгінгі бейбіт таңда адал достық жібінің жіңішкеріп, басыңды күн шалса, қашып құтыла алмайтын, бұлт шалса іздеп таба алмайтын достықтың қаптап кеткенін көзбен көріп те, құлақпен естіп те  жүрміз. Жаңа дос таптым деп, ескі достарынан безу, пәстік мақсатпен дос болу, жеке мүдденің пайдасы үшін дос болу секілді арам ниеттердің салдарынан бұл іңкәр сезімге дақ түсті. Бір сөзбен айтқанда ауруға шалдықты. Көлеңке достық-адам ақылының таяздығы, ой-өрісінің тарлығы деп айтсам, ешкімнің мені сөкпесі анық.
Қай кезде де, қай жаста болса да, адам өміріндегі достықтың орны бөлек. Жора – жолдастарымен бірге жүрген адамның көңілі тоқ, сенімі берік болады, кемшілігі білінбейді. Достықтың маңызы байлықпен өлшенбейді, оның өзі – баға жетпес байлық екенін ешқашан естен шығармайық. Сондықтанда нан дос пен пен жан досты айыра білейік.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1363
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада7380
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда32947
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2203677

Серіктестер