Онлайн газет



Скринингтік тексеруден өту - аурудың алдын алудың кепілі

Е. Мельдебеков,
Жастар   дамуының  Жамбыл орталығының  төрағасы.

Адамның денсаулығы-қоғамның ең басты байлығы. Бұл мәселеге мемлекет тарапынан  қамқорлық жасау, соған орай жауапкершілік ешуақытта күн тәртібінен түскен емес.
Еліміздің Ата заңымен, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы №1113 Жарлығымен бекітілген Қазақстанда Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған “Саламатты Қазақстан” мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі - халық денсаулығы, салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Қазақстан Республикасы  тұрғындарының 60-70 пайызы денсаулықтары бойынша әртүрлі  профилактикалық шараларды қажет етеді екен.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы негізінде 2008 жылдан бастап тұрғындар арасында қан айналым жүйесінің ауруларын (артериалдық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы және қатерлі ісіктерді) анықтауға бағытталған алдын алу тексерулері жүргізілуде. Мұндағы басты мақсат-халықтың көздеген топтары арасында аурудың симптомдық түрін белсенді түрде анықтап, көп тараған аурулардың алдын алу,  өлімді және мүгедектікті төмендету болып табылады. Сондықтан Қазақстан Республикасының әрбір азаматы жыл сайынғы профилактикалық медициналық тексеруден өтіп қана қоймай, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды дағдыға айналдырғаны абзал. Олай болса, елімізде скрининг тегін медициналық көмектің кепілдік берген көлемінің тізбесіне енгізілгендіктен,  бұл шара барысында аурудың алдын алу, скринингтік зерттеулер, әлеуметтік маңызы зор ауруларды анықтау үшін ерте қаралу, емдеу және қалпына келтіру сияқты жұмыстарға баса назар аударылады. Сондықтан скринингтік тексеру- кез келген аурудың алдын алудың кепілі екендігін ұмытпайық.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін788
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада6805
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда32372
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2203102

Серіктестер