Онлайн газет



СЕНІМ. ДИАЛОГ. БОЛАШАҚҚА НЫҚ ҚАДАМ

жалпыхалықтың нық сеніміне ие болып отырған «Nur Otan» партиясының  партия жұмысын жаңғыртуға бағытталған бағдарламалық құжаттары партия мүшелері тарапынан үлкен қолдауға ие болып отыр. Аталған құжаттардың арасында «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» атты партия жұмысын жүйелі жаңғырту бағдарламасы партия жұмысына тың серпін беруде.

Бұл құжат – Байзақ ауданындағы барлық бастауыш партия ұйымдарында талқыланып, ұйым кабинеттерінде арнайы бұрыштар жасалды.Оның ішінде, партияның белсенді мүшелерін топтастыру мақсатында аудандағы бұрын көптің көзіне түсе қоймаған партия мүшелері мен партия жақтастарын іріктеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, 90-ға жуық «Nur Otan» партиясы саясатын қолдаушылар іріктелді. Бүгінгі таңда, 56 кадрлық резервистер, 44 спикерлер, 22 лидерлердің анкеталық құжаттары жинақталуда.
Партияның 7 серпіні бағдарламасында сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесіне үлкен басымдықтар беріліп отыр. Сондықтан «Nur Otan» партиясының аудандық филиалы партияның Сайлауалды бағдарламасы мен Саяси доктринасында ашық көрініске ие болған сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесін еш бәсеңдетпейтін болады. Қайта, мемлекеттік қызметшілер мен аудан жастары арасында «нөлдік төзбеушілік» қасиеттерін орнықтыру мақсатында жоспарлы іс-шаралар өткізу бағытынан айныған жоқ. Сонымен қатар, партияның 7 серпін бағдарламасында  халықтың әлеуметтік тобымен жұмыс істеу қағидатын енгізу қарастырылған.
Бұл ретте, партияның мемлекеттік органдардың жұмысын қайталамай, халықтың тілек-өтініштерін дер кезінде мемлекеттік органдарға жеткізу және қоғамдық қабылдау қызметін жақсартуды қолға алуға бағыттап отыр. Осы жерде партия филиалындағы қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмыстарын жаңаша ұйымдастыру мәселесіне үлкен партиялық жауапкершілікпен қарауға басымдық берілуде.Мысалы, жыл басынан бері аудандық қоғамдық қабылдауға 225 өтініш түскен болса, солардың 103-і, яғни 46 пайызы оң шешімге ие болды (54 пайызына, яғни 122-сіне заң аясында түсініктеме берілді).
Түскен өтініштер арасында басым болып тұрған көп балалы аналарға тағайындалатын атаулы әлеуметтік көмек мәселелері –  55 немесе 29%, материалдық көмек – 25 немесе 13%, баспана – 13 немесе 7%, жер телімін алу – 31 немесе 11%, жұмысқа орналасу – 27 немесе 14%, киім-кешек және азық-түлік алу – 29 немесе 15%,  қалған 45 немесе 18% әр түрлі мәселелерді құрайды.
Ендігі мақсат, бастауыш партия ұйымдарында қоғамдық қабылдаулар ұйымдастыруға негізделіп отыр. Ол үшін оларда барлық жағдай бар. Оған, аудан әкімдігі бөлімдері, құқық қорғау органдары және депутаттық фракция мүшелерін қатыстырудың кестесі жасалған. Әр депутаттық фракция мүшесі өзі сайланған бастауыш партия ұйымдарында  бекітілген кестеге сәйкес, көшпелі қоғамдық қабылдау өткізуде.Келесі бір назар аударатын мәселе, ол – қарқынды ақпараттық-идеологиялық жұмысты ұйымдастыру болып отыр. Өйткені, мемлекеттік саясатты көпке түсіндіруде қоғамда орын алып отырған кейбір келеңсіз мәселелерге партиялық көзқараспен тікелей жауап берген орынды болары сөзсіз.
Бұл тұста, түрлі әлеуметтік желілерді – өте жылдам әрі тиімді пайдаланатын ақпараттық-идеологиялық құрал ретінде пайдаланып келеміз. Партияның аудандық филиалына қарасты 36 бастауыш партия ұйымдары – осындай  әлеуметтік желілердегі сыни материалдарға лезде әрекет етіп, жылдам жауап беруді күшейту мәселесін қолға алғалы  отыр. Бұл өз кезегінде тұрғындардың партияға деген сенімін арттырады деген ойдамын.
7 серпін бағдарламасының түйткілді жерінің бірі, ол партия төңірегіне жастарды біріктіруге негізделген. Әрине, бүгінгі жастарды «Nur Otan» партиясы мен оның «Жас Отан» жастар қанатына тарту үшін бекітілген алгоритмге сәйкес, қазіргі таңда аудан жастарымен кездесу кестесін жасап, кестеге сәйкес кездесулер өткізу тәжірибесін енгіздік.
Шынын айту керек, ауыл жастарының жұмыссыздық, баспана алу сияқты өзекті мәселелері болмаса, ауданның жастары – Елбасы, Партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев жүргізіп отырған сындарлы саясатты толықтай қуаттайды.
Жалпы, партияның барлық құжаттарының түпкі мақсаты – халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуға және оның ішінде, арнаулы әлеуметтік көмек алу жолына бағытталып отырғаны ақиқат.
Сондай-ақ, облыс көлемінде қолға алынған пилоттық жобаны іске асыруға ықпал ету мәселесі де күн тәртібінен түскен жоқ.Пилоттық жоба Қостөбе және Түймекент ауылдық округтері бойынша іске асырылуда. Қостөбе ауылдық округіне 3 елді мекен (Талас, Қостөбе, Талас стансасы) кіреді. 250 жобаға 1 млрд. 292 млн.  теңге қарастырылды. Сондай-ақ, пилоттық жобаға Түймекент ауылдық округі бойынша (Ақжар, Түймекент) ауылдары 256 жоба ұсынып, 631 млн. теңге қарастырылды.
Біз бастауыш партия ұйымдарының ашық партия жиналыстарында бұл мәселені талқылап, жергілікті тұрғындарға осы қолдауды пайдалану жолдарын түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қолға алудамыз.Сонымен қатар, біздің алдымызда – партияның “Ардагерлерді ардақтайық”, “Құтты мекен”, “Бақытты отбасы”, “Халыққа көмек”, “Кедергісіз келешек” пен “Жастар-Отанға!” партиялық жобаларын табысты жүзеге асыру міндеті тұр.
Міне, «Nur Otan» партиясының аудандық филиалы партияның «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» атты партия жұмысын жүйелі жаңғырту бағдарламасын іске асыру жолында осындай қыруар жұмыстардың ортасында жүргенін айтқым келеді.
Әрине, біздің партиялық мақсатымыз айқын – ол партия саясатын халық арасында кеңінен насихаттап, оны іске асыру бағытында аянбай еңбек ету.

Шолпан Байтақова,
«Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

Обновлено 19.02.2020 10:35
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1311
mod_vvisit_counterКеше1540
mod_vvisit_counterОсы аптада5452
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда31019
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2201749

Серіктестер