Онлайн газет



ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

«Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Үміт Ибраймова, облыстық мәслихаттың депутаты Бақытжан Сейткәрімов партияның қоғамдық қабылдау бөлмесінде тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.

Қабылдауға бірінші болып келген Сарыкемер ауылының тұрғыны, көпбалалы ана Гүлбану Сәрсенбекова жолдасы уақытша жұмыс істейтінін, бала күтімі бойынша үйде отырғандығын айтып, өткен жылы атаулы әлеуметтік көмек алғандығын айтты. Бірақ өзі көп балалы ана ретінде ай сайын бес балаға мемлекеттік жәрдемақы алып отырғандықтан, өткен жылдың желтоқсан айында АӘК тоқтатылғандығын жеткізді. Екі бірдей студент оқытып отырған соң, кенже баласы екі жасқа толып, өзі жұмысқа тұрғанша АӘК-ті қайта алуына мүмкіндік болады ма деп сұрады. Аталған сұраққа аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әлия Саққұлова  отбасының айлық табысын мамандар қайта есептеп, мәселені заңға сәйкес шешіп, алдағы уақытта анық-қанығын анықтайтынын мәлімдеді.
Көкбастаулық Мария Нұрманова өткен жылы жолдасы қайтыс болғандығын, 2009 жылғы кенже баласының туған жері республикалық базаға қате жазып, тіркелгендіктен үй кітапшасына тіркей алмай жүргендігін, бір жылдан бері мемлекеттен ай сайынғы жәрдемақыға қол жеткізе алмай жүргендігін айтып, көмек беруін сұрады. Бұл мәселеге қатысты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалы – Жамбыл облысы бойынша «Халыққа   қызмет көрсету орталығы» департаментінің аудандық бөлімінің меңгерушісі Еркебұлан Жұмажанов: «Жергілікті полиция бөлімінен баланың ата-анасымен тұрып жатқандығын растайтын анықтама алуыңыз қажет. Ал республикалық базада жіберілген қатені түзету мәселесі бойынша тікелей облыстық филиалға жүгініңіз»,- деп жауап берді.


Құмжота ауылынан келген Айнұр Дарменбаеваның жолдасы 2019 жылдың мамыр айында жол-көлік оқиғасына түсіп, содан ІІ топтағы мүгедек болып қалған. Балаларын танымай, кейде үйден кетіп қалатын жолдасының жағдайына байланысты жұмысқа шыға алмай жатқандығын, мүгедек адамға қарап отыр деген анықтама мен мүгедектерге берілетін АӘК-ті ала алмай жүргендігін жеткізді. Бурыл ауылдық округі әкімдігінің бөлім басшысы Эльмира Шопанбаева Айнұр Қаржаубайқызының сөздерін растаған соң, аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әлия Саққұлова: «Заңға сәйкес, аталған анықтаманы алған жағдайда ғана АӘК тағайындалады», - деп түсінік берді. Қабылдауға келген аудандық емхананың хирург-мамологі Бақытжан Сәрсенбаев өзінің комиссия құрамында екендігін айтып, алдағы аптада комиссия отырысы болатындығын және бұл мәселе міндетті түрде өз шешімін табатынын айтты.
Қосақ ауылынан келген көп балалы ана Эльмира Алпамысованың отбасында он адам тұрады, өзі жұмыссыз, жолдасы болса мал бағумен айналысады. Жеке тұрғын үйі болмағандықтан жалдамалы пәтерде жүргендігін, тұрғын үй кезегінде тіркелмегендіктен, жер учаскесін алуға мүмкіндігін сұрады. Бұл сұраққа Бәйтерек ауылдық округі әкімінің орынбасары Қуаныш Жұманов Жаңатұрмыс пен Сазтерек ауылдық округтерінде жер учаскелері берілетіндігін айтып, сол жақтан алуға келісімін беретін болса көмек бере алатындығын жеткізді.
Қабылдауға келген азаматтарды мұқият тыңдаған Үмітбала Серікқызы мен Бақытжан Сейдахметұлы олардың өтініштерін тыңдап қана қоймай, шешу жолдарын түсіндірді. Оларға жан-жақты қолдау көрсету мүмкіндіктерін қарастыру туралы тапсырмаларды жауапты мамандарға берді.

*         *         *  
Өткен аптада «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының ұйымдастыруымен облыстық полиция департаменті тергеу басқармасы бастығының орынбасары, полиция майоры Нұрбол Сағындықов пен аудандық полиция бөлімі бастығының тергеу бойынша орынбасары Абсамат Бекмұхамбетов қоғамдық қабылдау өткізді.
Қоғамдық қабылдаудың негізгі мақсаты – тұрғындардың түрлі салаларға қатысты талап-тілектерін, мәселелерін тыңдап, тиісті деңгейде шешуге бағытталған.
Сеңкібай ауылының тұрғыны Сауытбек Сәрсенов өткен жылы екі бас жылқысы қолды болғандығын айтып, сол кезде қылмыстық іс қоғалып, бірақ әлі күнге дейін еш нәтиже шықпай жатқандығын жеткізді. Не малының табылмағандығын, не ұрлық жасаған адам анықталмағандығын және осы мәселенің шешімін таппай талай мекемелерге барғандығын айтты. Қарияның мұң-мұқтажын тыңдаған Нұрбол Әлжанұлы айтылған уәждерін түсініп, қылмыстық іс бойынша жүргізілген жұмыстарды тексеретіндігін, сондай-ақ жергілікті полиция бөліміне нұсқаулықтар мен тапсырмалар беретіндігін айтты.
Түймекенттік Әсел Мадиева болса, аудандық жұмыспен қамту орталығына өткен айда жұмыссыз ретінде тіркелген, алайда әлі күнге дейін жұмысқа орналаса алмай жүргендігін айтты. Enbek.kz сайтында жарияланып тұратын бос жұмыс орындары туралы бірнеше сұрағын қойды. Бұл сұрақтарға аудан әкімдігі Халықты жұмыспен қамту орталығының маманы Дидар Сансызбаев толыққанды түсінік берді.
Қабылдауға келгендердің арыз-шағымдары мен өтініштері қараусыз қалмай, жауапты мамандардың құзыретіне берілді.

Гүлжан Русланқызы.

Обновлено 19.02.2020 10:34
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1270
mod_vvisit_counterКеше1540
mod_vvisit_counterОсы аптада5411
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда30978
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2201708

Серіктестер