Онлайн газет



МАҢЫЗЫ ЗОР БРИФИНГ

Сарыкемер мектеп – гимназиясында аудан әкімдігі білім бөліміне қарасты білім беру мекемелері мен мектепке дейінгі тәрбие беру ұйымдарының басшылары, есепшілері және директорлардың оқу ісі жөніндегі орынбасарларының арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатын көздеген брифинг ұйымдастырылды.

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар» тақырыбын қозғаған брифингке Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаев пен Департамент жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық штабының жетекшісі Қасымхан Төлендиев, аудан әкімінің орынбасары Дәуір Дәулетов, аудан әкімдігі білім бөлімінің басшысы Нұржан Нұралиев қатысты.
Аудан әкімінің орынбасары Дәуір Дәулетов бұл күнгі жиынның маңыздылығына тоқталды. Өз сөзінде Равиль Қуанышбайұлы ұрпақ тәрбиесіне, олардың бойына адалдық пен парасаттылық, адамгершілік қасиеттерін сіңіру бағытындағы тәрбиелік іс-шаралардың маңызына екпін салды. Сонымен қатар, «Адал ұрпақ» еріктілер клубының жұмыс нәтижесіне, «Адал жол», «Адалдық дүкені», «Адал кітапхана», «Адалдық елшілері», «Парасатты отбасы» жобалары туралы кеңінен түсінік бере отырып, тәрбие саласының үлкен жауапкершілікті жұмысына бағыт сілтеді.
Бұдан соң мінберге көтерілген облыстық  ақпараттық-ағартушылық штабының жетекшісі Қасымхан Төлендиев осындай игі істерді мектеп ұжымы мектеп қабырғасындағы тәрбие жұмыстарын жүргізу арқылы жүзеге асыра алатынына тоқталып, брифинг қатысушыларын адал еңбек етуге шақырды.

Аудан әкімдігінің білім бөлімі.

Обновлено 17.02.2020 10:37
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1676
mod_vvisit_counterКеше1540
mod_vvisit_counterОсы аптада5817
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда31384
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2202114

Серіктестер